| 04.03.2025 |
|
ҚР ОСК делегациясы Тәжікстандағы парламенттік сайлауды
байқады
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған делегация Тәжікстан Республикасының Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли сайлауына (Маджлис Олидің төменгі палатасы (Жоғары жиналыс), парламент) халықаралық байқауға қатысты.
Парламенттік сайлау қарсаңында Душанбеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров пен Тәжікстан Республикасы Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының (ТР СРОК) басшысы Бахтиер Худоерзоданың кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов та қатысты.
ТР СРОК Төрағасы Бахтиер Худоерзода сайлау науқанының барысымен таныстырды. Ол ел бойынша 3 513 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін атап өтті. Аралас сайлау жүйесі бойынша барлығы 63 депутат, оның 22-сі пропорционалды жүйе бойынша және 41-і мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. 63 депутаттық мандатқа 220 кандидат тіркелген. Партиялық тізімдер бойынша елде тіркелген жеті саяси партиядан алты партия кандидаттарды ұсынды. Тәжікстандағы науқан барысында ТР СРОК мен Тәжікстан жастар одағының бірлескен іс-қимыл жоспарына сәйкес ТР СРОК «Жас сайлаушылар күнін» өткізді. Іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты жас сайлаушылардың құқықтық және саяси білімін жетілдіру және олардың сайлау мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы электоралды саладағы өзара іс-қимыл перспективасын талқылады.
ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлауды халықаралық байқауға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Тәжікстан арасында, оның ішінде электоралды салада да дәстүрлі достық, стратегиялық қатынастар қалыптасқанын атап өтті.
2025 жылғы 2 наурызда, сайлау күні, Қазақстан делегациясы парламенттік сайлауды, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушыларының миссиялары құрамында халықаралық байқауды жүзеге асырды. Делегация мүшелері Душанбе қаласындағы, Рудаки және Шахринав аудандарындағы (республикалық бағыныстағы аудандар) 28 сайлау учаскесінде, аумақтық және округтік комиссияларда болып, ТР СРОК-ның, ТМД байқаушылары миссиясы және ШЫҰ байқаушылары миссиясының баспасөз конференцияларына қатысты.
Қазақстан Ортсайлауком басшысы барған сайлау учаскелерінде дауыс беруді байқау барысына БАҚ үшін түсініктеме бере отырып, «учаскелерде жұмысты нақты ұйымдастыруды, комиссиялардың өз міндеттерін білуін, сайлау учаскелеріне еркін қол жетімділігін, жастардың ересектермен тең дәрежедегі белсенділігін» атап өтті.
Анықтама ретінде:
Тәжікстан Республикасының Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли сайлауында 5,5 млн сайлаушы тіркелген, 3 513 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде тұратын азаматтар үшін 28 елде 36 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
2024 жылғы 22 тамыздағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан мен Тәжікстан орталық сайлау органдарының басшылары Нұрлан Әбдіров пен Бахтиер Худоерзода ҚР ОСК мен ТР СРОК арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл Меморандум сайлау мен референдумдарды дайындау және өткізу, сондай-ақ сайлау заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды көздейді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы












