Фотогалерея


ҚР сайлау жүйесі


Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының жүйесі және

олардың қалыптасуы қағидаттары


Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.

Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін:

- Республиканың Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком);

- aумақтық сайлау комиссиялары;

- учаскелік сайлау комиссиялары құрайды.

Ортсайлауком Республиканың сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Оған депутаттарға жазалау шараларын, депутаттық этика ережелерін қолдануға, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және оларды өкілеттігінен және депутаттың дербес құқығынан айыруға байланысты мәселелерді дайындау жүктелген.

Қазақстан Республикасының Президенті Ортсайлаукомның Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды, Парламент палаталарының әрқайсысы, басқа палатаның қатысуынсыз, Ортсайлаукомның екі мүшесін бесжылдық мерзімге тағайындайды. Төрағаның орынбасары мен Ортсайлауком хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.

Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты бар. Орталық сайлау комиссиясын және оның аппаратын ұстауға шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Мәслихат белгілеген мерзімде саяси партияның ұсынысы болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау туралы заңда белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясын құратын мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындауға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.


Қазақстан Республикасы сайлау органдарының

негізгі өкілеттіктері

Орталық сайлау комиссиясы:

· Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардыңатқарылуына бақылаудыжүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiңқұзыретiшегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;

· Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;

· мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;

Аумақтық сайлау комиссиясы:

· әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

· Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;

· төменгi тұрған аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi;

· Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi:

· мәслихаттардан басқа өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды, қайта сайлауды және шығып қалған мүшелердің орнына сайлауды тағайындайды және ұйымдастырады;

Учаскелiк сайлау комиссиясы:

· сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;

· учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;

· тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;

· азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;

· сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;

· дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;

· сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;

· дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;

· дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды.