| 23.09.2022 |
|
Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Президентін сайлау
жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгіледі
2022 жылғы 23 қыркүйекте Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа саяси партиялардың, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, ішкі істер және әділет министрліктерінің, Бас прокуратураның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Отырыста екі мәселелер қаралды:
1. Сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.
Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР КЗ сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауын өткізу бойынша сайлау құжаттарының 18 нысанын дайындағанын хабарлады:
- кандидатты ұсыну бойынша құжаттар;
- аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктері шеңберінде қабылданатын құжаттар;
- учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері шеңберінде қабылданатын құжаттар;
- сайлау құжаттарының басқа нысандары.
Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Президенттікке кандидаттар ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмесімен ресімделеді.
Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының шешімі:
1) Президенттікке кандидаттың назарына жеткізіледі;
2) Президенттікке кандидаттың дауысқа түсуге келісуі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.
Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы хаттамасының үзінді көшірмесінде республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы саны және кандидатты ұсыну туралы дауыстарды қолдау туралы мәліметтер болуға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, ҚР ОСК президенттікке кандидаттың Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР КЗ қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттама қабылдайды.
Аумақтық сайлау комиссияларының функцияларына қатысты бірқатар құжаттар әзірленді.
Бұдан басқа, мынадай сайлау құжаттарының нысандары әзірленді: сайлаушылар тізімі; Президенттікке кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының нысаны; кандидаттың куәлігі; сенім білдірілген адамның куәлігі; шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушы куәлігі.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Шавкат Өтемісов баяндады.
Ол Конституцияға және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР КЗ сәйкес Президенттікке кандидат болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы Президентікке үміткер бола алатынын хабарлады. Президент болып сайлану үшiн азамат мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға, сондай-ақ белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам да Президенттікке үміткер бола алмайды.
Президенттiкке кандидаттың қойылатын талаптарға сәйкестiгiн Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірме кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап бес күн iшiнде айқындайды.
Кандидаттың сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішінің нысаны Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі. Өтінішке жеке нысан бойынша өмірбаяндық деректер, мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер, сайлау жарнасын енгізу туралы құжат қоса беріледі.
Президенттікке кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Орталық сайлау комиссиясы көрсетілген құжаттар келіп түскен кезден бастап уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу сұрау салулар жібереді. Көрсетілген мемлекеттік органдардың сұрау салуларды қарау және Орталық сайлау комиссиясына мәліметтерді ұсыну мерзімі сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік екі күн.
Өкілетті органдардан тиісті мәліметтер түскеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіе кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін орнату туралы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген нысандағы хаттаманы құрайды.
Орталық сайлау комиссиясының хаттамасында кандидаттың лингвистикалық комиссияның мемлекеттік тілді меңгергені туралы қорытындысын қоса алғандағы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетіні немесе келмейтіні белгіленеді.
Отырыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өтті, онда ҚР ОСК мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
