| 29.03.2022 |
|
2022 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 010PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Константин Викторович Авершинге беру туралы қаулы етті.
Сондай-ақ, Ортсайлауком К.В. Авершинді Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді және оған белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру туралы қаулы етті.
Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты М.Т. Ерманның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті.
Депутат М.Т. Ерманның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
tel. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


