| 12.03.2022 |
|
2022 жылғы 12 наурызда
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
2022 жылғы 12 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимі арқылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Сәбила Мұстафина және Шавхат Өтемісов отырысқа Ақмола облысындағы іс-сапар барысында қатысты.
Отырыста Ортсайлауком мүшелері «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Имтахунович Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы» қаулы қабылдады.
Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты В.И. Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті.
Депутат В.И. Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


