| 12.03.2022 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.И. Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Имтахунович Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.И. Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 12 наурыз,
№ 18/457
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
