| 03.03.2022 |
|
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлын тіркеу туралы
2022 жылғы 3 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлын тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 008 PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлына берілсін.
2) Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3) Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлына белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Сондай-ақ, осы күні Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 46-бабының 2-тармағына сәйкес Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлына куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыс етті.
Тапсыру барысында ол Аманжол Әлтайдың рухани-мәдени құндылықтарды, ұлттық өнерді насихаттауға, сондай-ақ гуманитарлық ғылым мен білімді дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.
Сөзінің соңында Нұрлан Әбдіров депутатқа заң шығарушы биліктің Жоғары өкілді органындағы қызметіне табыс тіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



