03.03.2022 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
А.Д. Әлтайды тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 008PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтайға берілсін.
2. Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтайға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 3 наурыз,
№ 14/450