Құрылтай дегеніміз не және 23 тамызда кімді сайлаймыз?
Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкiлдi органы.
Қазақстан Республикасының Құрылтайы – еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органы.
Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының құрамына Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйесі, яғни партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.
Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола алады.
Партиялық тізімге енгізілген әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың жиынтық саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.
Партиялық тізімдегі адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

