| 05.01.2026 |
|
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары
Мьянма Одағы Республикасында өткен жалпы сайлауды
халықаралық байқауға алғаш рет қатысты
Мьянма Одағы Республикасының Одақтық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман 2025 жылғы 28 желтоқсанда Мьянма Одағы Республикасында өткен жалпы сайлаудың бірінші кезеңін халықаралық байқауға алғаш рет қатысты.
Сапар аясында ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Мьянма Одағы Республикасының Одақтық сайлау комиссиясының Төрағасы У Тан Сомен, сондай-ақ комиссия мүшесі У Мьо Хлайнмен жұмыс кездесулерін өткізді. Кездесулер барысында сайлауды ұйымдастырудың ұлттық ерекшеліктері мен екіжақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Өз кезегінде кездесулер барысында Мұхтар Ерман әріптестеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформалары туралы ақпарат берді.
Нейпьидо қаласындағы сайлау учаскесінде Мьянма Одағы Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайнмен қысқаша әңгіме жүргізілді.
Халықаралық байқау шеңберінде Мұхтар Ерман бірқатар сайлау учаскелеріне барып, сайлаушылардың дауыс беру барысымен, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен және сайлаушылар үшін жасалған жағдайлармен танысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

