| 14.11.2025 |
|
ҚР ОСК өкілдері
Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығы (A-WEB)
ұйымдастырған бағдарламаға қатысты
2025 жылғы 3-7 қараша аралығында ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік және ОСК Төрағасы хатшылығының меңгерушісі Айбек Жекен Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығының (A-WEB) ұйымдастырған Корея Республикасында өткен сайлау процесін басқару органдарына арналған Медиа саласындағы әлеуетті дамыту бағдарламасына (Media Capacity Development Program) қатысты. Бағдарламаның негізгі мақсаты - сайлау процесіндегі жалған ақпаратты анықтау және оған қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдерін зерделеу, қатысушы елдердің сайлау органдары арасында тәжірибе алмасу.
Бағдарлама ашылуына Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығының Бас хатшысы (A-WEB) Ин-шик Чжанг арнайы қатысып, іс-шара қатысушыларына сәттілік тіледі. Аталған бағдарлама барысында қатысушылардың назарына ақпараттық дәрістер, тәжірибелік семинарлар, кейс талқылаулар ұсынылды. Бағдарлама шеңберінде қатысушыларға Корея Республикасының тәжірибесі негізінде:
• жаһандық сын-қатерлер жағдайында сайлау органдарының жалған ақпаратқа қарсы тұруы;
• сайлау саласындағы киберқылмыстар;
• сайлау тақырыбын онлайн БАҚ-да ақпараттандыру;
• дағдарыс жағдайында стратегиялық коммуникация құру тақырыбында мазмұнды дәрістер ұсынылды.
Негізгі лекторлар:
• Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығының (A-WEB) өкілдері – Бас директор, Хатшылықтың директоры;
• Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының өкілдері – Интернет жаңалықтарды талдау комиссиясының директоры, Киберталдау бөлімінің басшысы;
• Minglespoon компаниясының бас директоры болды.
Сонымен қатар, қатысушылар өз елдеріндегі сайлау жүйесінің ерекшеліктері мен сайлаушылардың сенімін арттыру бойынша ақпаратпен және іс-қимыл жоспарларымен бөлісті. ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік «Қазақстандағы электоралдық жүйе» тақырыбында баяндама жасады. Талқылаулар әртүрлі елдердің сайлау органдары өкілдерінің қатысуымен интерактивті форматта өтті.
Іс-шара барысында дағдарыстық жағдайда сайлау органдарының жұртшылықпен өзара іс-қимылы, ашықтық пен азаматтарды дер кезінде ақпараттандыру арқылы сенімді қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылды. Екіжақты кездесулер аясында сайлау науқандарында дипфейктерді анықтау және оларға қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасу жөнінде A-WEB-пен келісімдерге қол жеткізілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



