| 25.04.2025 |
|
23 – 24 апреля 2025 года ЦИК РК провел
обучающий семинар для членов ТИК
Ағымдағы жылдың 23-24 сәуірінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР ОСК 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №58/73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2025 жылға арналған шаралар кешенін іске асыру аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің жанындағы МБА Электоралдық оқыту орталығында өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Сайлау процесін дайындау мен өткізудің және сайлауды ұйымдастырушыларды электоралдық оқытудың ерекшеліктері» оқыту семинарын өткізді.
Семинардың бірінші күнінде негізгі спикерлер ретінде ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов, ҚР ОСК мүшелері Азамат Айманақұмов, Ләззат Сүйіндік, Асылбек Смағұлов, Михаил Бортник сөз сөйледі. Спикерлер өңірлердегі сайлау науқандарын ұйымдастыруға, сайлауды ақпараттық, қаржылық қамтамасыз етуге, сайлауды байқауға, сайлау алдындағы үгіт-насихатқа, 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы сайлау процестеріндегі сот дауларына талдау жүргізді. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар сайлау заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелерімен танысты.
Сонымен қатар, семинарда «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының ҚБ төрайымы Ләззат Қалтаева сөз сөйлеп, сайлауды ұйымдастырушылар үшін мүгедек адамдардың сайлау құқықтары жөніндегі бейнекурстың жобасын ұсынды.
ҚР ОСК оқыту кезінде сайлауды ұйымдастырушылардың «soft skills» дамуына ерекше назар аударатынын ескере отырып, шақырылған сарапшы Алтын Бақытжанова «Сайлау процесін тиімді ұйымдастыру және сайлауды ұйымдастырушыларды электоралды оқыту: құралдар мен құзыреттер» тақырыбында тренинг өткізді.
Семинардың екінші күнінде Қостанай облысының АСК мүшелері және ҚР ОСК сертификатталған жаттықтырушылар пулына кіретін Александр Малашко, Джамиля Самбаева, Айгүл Оразова, Сергей Гончаров қатысушылар үшін тренингтер өткізіп, сайлауды ұйымдастырушылар арасында электоралдық оқытуды жүргізу тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылар сайлау процесін ұйымдастыру бойынша құқықтық және практикалық білімге тестілеуден өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


