| 07.03.2025 |
|
ҚР Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров
Қарағанды облысында инспекциялық сапармен болды
2025 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындау және өткізу шеңберінде инспекциялық сапармен Қарағанды облысына барды. Сапарға ҚР ОСК Хатшысы Шавхат Өтемісов, комиссия мүшелері Азамат Айманакумов, Ләззат Сүйіндік және комиссия аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Сапар аясында Нұрлан Әбдіров Қарағанды қаласының жас сайлаушыларымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында кездесті. ОСК басшысымен кездесуге 400-ден астам адам қатысты, оның ішінде облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен ҮЕҰ өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері бар.
Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР ОСК басшысы ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен және 2022 жылғы бүкілхалықтық референдумда қолдау тапқан саяси және конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтті.
Нұрлан Әбдіров кездесуге қатысушылардың назарын өткізілген сайлау науқандарына, елдің сайлау жүйесін дамытудың өзекті трендтеріне, комиссияны дамытудың стратегиялық перспективаларына аударды. «Біз үшін ең басты — сайлаушы. Сайлаушының дауыс беруіне толыққанды жағдай жасау және оларды ақпараттандыру біздің тікелей міндетіміз және біздің басты басымдығымыз — сайлаушылардың сенімі», - деді ол.
Ортсайком басшысы сайлау саласындағы өзекті трендтер мен шетелдік тәжірибеге, басқа елдердегі сайлаулар мен референдумдарды халықаралық байқауға егжей-тегжейлі тоқталды.
Өзекті сайлау мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнамаға 240-тан аса жас сайлаушы үлкен қызығушылықпен қатысты. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 37,8%-ы сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар сайлауда және референдумда дауыс бермеуі керек, ал 33,2% қылмыс жасағаны үшін сотпен кінәлі деп таныған және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беруге құқығы жоқ екенін атап өтті. Жастардың басым көпшілігі (73%) Президенттікке кандидатқа мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бойынша талаптар белгіленуі керек деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 61,8%-ы президенттікке кандидаттарға елде, ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына - сайлау округінде тұру мерзімі бойынша қойылатын талаптарды қолдайды. Сауалнмаға қатысушылардың 29%-ы дәстүрлі бюллетеньмен дауыс беруді жөн көреді. Сондай-ақ интервьюерлердің 42,3%-ы толтырылған бюллетеньмен суретке түсіруге (селфиге) тыйым салуды енгізу қажет деп санайды, 27,4%-ы сайлау мен референдумдарда электрондық жүйенің техникасына сенімсіздік себебінен электрондық дауыс беруді пайдаланбайтын еді. Респонденттердің 32,4%-ы сайлау мен референдумдарда мерзімінен бұрын (көпкүндік) дауыс беруді енгізуді қолдамайды.
Кездесуге қатысушылар сайлау тақырыптары бойынша белсенді пікірталас өткізді. Мәселен, студент Никита Бушуев сайлаудың ашықтығы мен сайлау процесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи технологияларды қолдану, Аружан Тәжібаева - сайлаушылардың сайлау белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру, Ерасыл Мақсұтбек - техникалық мамандықтар студенттерінің сайлау жүйесін дамытуға және елдегі электрондық дауыс беру мүмкіндігіне қатысуы мәселелеріне қызығушылық танытты. Облыстық мәслихат депутаты Ермек Әбілдин сайлаушыларды сайлау науқандары туралы ақпараттандыру және олардың сайлау белсенділігін арттыру, сайлау комиссияларын қалыптастыру, қалалық мәслихат депутаты Марат Түсіпов және облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ниқанбай Омарханов мажоритарлық сайлау жүйесі, әкімдерді сайлау мәселелері жөнінде ұсыныстар айтты. Пікірталасқа белсенді қатысушыларға ОСК-ның 30 жылдығына орай шығарылған, сайлау тақырыптары бойынша ғылыми басылымдардың даналары табыс етілді.
Кездесу барысында Ортсайлауком басшысы ерекше көзге түскен облыстың сайлау комиссияларының мүшелеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыс етті. Мәселен, Қарағанды қаласы АСК орынбасары Гүлнар Жашкенова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, УСК төрағасы Салтанат Жүнісова «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, УСК төрағасы Айман Тілегенова ҚР ОСК «Құрмет грамотасымен» және УСК төрағасы Татьяна Шнель ҚР ОСК Төрағасы «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сапар аясында ОСК төрағасы аумақтық сайлау комиссиялары, сондай-ақ 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізуге тартылған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес барысында тиісті сайлау комиссияларының басшылары алдағы сайлауға дайындығы туралы баяндады. Ағымдағы сайлау науқаны, сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері талқыланды. Сайлау Приозерск қаласы, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарының мәслихаттарына тағайындалды. Нұрлан Әбдіров сайлауком мүшелерінің назарын сайлау процесінің барлық кезеңдерінде жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қосымша сайлау өткізу қажеттігіне аударды. Сондай-ақ АСК-ның материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері қаралды.
Науқан барысында өңірде шығып қалғандардың орнына 4 мәслихат депутаты сайланады, оған 4 аумақтық, 4 округтік, 19 учаскелік комиссия жұмылдырылғанын айта кету керек.
Сондай-ақ, сапар аясында ҚР ОСК төрағасы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылындағы №9 округтік сайлау комиссиясына және №788 сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге дайындық барысымен танысты. Сапар барысында дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, дауыс берушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Электораттық оқыту үдерісіне мониторинг жүргізу мақсатында сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау заңнамасы мен сайлау рәсімдерін білуіне бақылау тестілеуі өткізілді. Жұмыс сапары сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар-тренингпен аяқталды, онда қолданыстағы нормативтік-құқықтық база егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ семинар-тренингке қатысушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинардың тәжірибелік бөлігі сайлау науқаны кезеңіндегі іс-қимылдардың тәжірибеге бағдарланған әдістері мен алгоритмін қолдана отырып, сайлау заңнамасы негізінде кейстік жағдайларды пысықтаумен өткізілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы









