| 26.02.2025 |
|
ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров
Ақмола облысында болды
2025 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындау және өткізу шеңберінде инспекциялық сапармен Ақмола облысының Шортанды ауданына барды. Сапарға ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов, комиссия мүшелері Азамат Айманакумов, Асылбек Смағұлов және комиссия аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Нұрлан Әбдіров Ақмола облысы Шортанды ауданының жас сайлаушыларымен кездесті. ОСК басшысымен кездесуге 180-нен аса адам қатысты, олардың қатарында аудандық мәслихаттың депутаттары, қосымша сайлау жоспарланған аудандардың сайлау комиссияларының мүшелері болды.
Кездесуде ОСК басшысы 2022 жылғы конституциялық реформа контексіндегі Қазақстанның жаңартылған сайлау жүйесінің ерекшеліктері туралы атап өтті. «Орталықта және жергілікті жерлерде мемлекеттік билік пен басқару органдарына лауазымды тұлғаларды сайлаудың түбегейлі жаңа тәртібі белгіленді», - деді Нұрлан Әбдіров.
Сонымен қатар ол өткен электоралды науқандар, Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясы, ҚР ОСК жанындағы диалог алаңдары, электоралды саладағы өзекті трендтер мен шетелдік тәжірибе, басқа елдердегі сайлаулар мен референдумдарды халықаралық байқау туралы айтты.
149 жас сайлаушы белсенді қатысқан өзекті сайлау мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнама үлкен қызығушылық тудырды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 43%-ы сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар сайлауда және референдумда дауыс бермеуі керек, ал 36,9%-ы сотпен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беруге құқығы жоқ екенін атап өтті. Жастардың басым көпшілігі (75,8%) мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі бойынша талаптар белгіленуі керек деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 61,7%-ы президенттікке кандидаттарға елде тұру мерзімі бойынша, ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау округінде қойылатын талаптарды қолдайды. 32,2% дәстүрлі бюллетеньмен дауыс беруді таңдайды. Сұхбат берушілердің тағы 47%-ы сайлаушылардың еркін көрсететін толтырылған бюллетеньмен суретке түсіруге (селфи) тыйым салуды енгізу қажет деп санайды, 29,5%-ы сайлау мен референдумдарда электрондық жүйенің техникасына сенімсіздікке байланысты дауыс бермейді. Респонденттердің 32,2%-ы сайлау мен референдумдарда мерзімінен бұрын (көпкүндік) дауыс беруді енгізуді қолдамайды.
Кездесу интерактивті «сұрақ-жауап» сессиясымен және жас сайлаушылармен қызу пікірталаспен аяқталды. Мәселен, жас маман Сая Әмірова басқа елдердегі сайлау процесі, Айдар Темірбеков және Сарина Айсылу сайлауларды халықаралық байқау, студент Спандияр Ташибаев болашақта ауыл әкіміне кандидат болатынын білдіріп, сайлау жарнасы мәселелеріне қызығушылық танытты. Еркегүл Жұмкел сайлау саласындағы әлемдік трендттер, Күнсұлу Малчыбай қалай байқаушы болу керектігі, колледж студенті Ернар Олжабай сайлау комиссияларының құрамын жасақтау туралы айтып беруді сұрады.
Белсенді қатысушыларға сайлау тақырыбы бойынша ОСК 30-жылдығына шығарылған ғылыми басылымдарының даналары табысталды.
Сапар аясында ОСК төрағасы кәсіби негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті. Кеңесте ағымдағы сайлау науқаны, қосымша сайлауды өткізуге дайындық, сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері талқыланды. «Дауыс берушілер үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға және байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қызметіне қолайлы жағдайлар жасау қажет», - деп атады Нұрлан Әбдіров. Сайлау процесінің барлық кезеңдерінде жариялылық, ашықтық және заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, өңір бойынша алдағы сайлауға мәслихаттардың шығып қалған 2 депутаты сайланады, 3 аумақтық, 2 округтік, 3 учаскелік комиссиялар жұмылдырылады.
Электораттық оқыту үдерісіне мониторинг жүргізу мақсатында сайлау заңнамасы мен рәсімдерін білу туралы сайлау комиссияларының мүшелеріне тестілеу өткізілді. Жұмыс сапары аясында аумақтық және округтік сайлау комиссияларының мүшелері үшін семинар-тренингпен аяқталды, онда қолданыстағы нормативтік-құқықтық база егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ семинарға қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.
Семинардың тәжірибелік бөлігі сайлау науқаны кезеңіндегі іс-қимылдардың тәжірибеге бағдарланған әдістері мен алгоритмін қолдана отырып, қолданыстағы сайлау тәжірибесі мен заңнамаға сәйкес олардың практикалық шешімдері негізінде кейстік жағдайларды пысықтаумен өткізілді.
Сондай-ақ, 26 ақпанда ОСК Төрағасы Ақкөл ауданына барды, онда аудандық аумақтық комиссия мүшелерімен кездесті. Орталық сайлау комиссиясының қызметі, сайлау органдарының трансформациясы туралы айтып, аудандық комиссия мүшелерінің қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында өңірде және елде өтетін барлық сайлау науқандарының заңдылығын, ашықтығы мен инклюзивтілігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы









