| 24.02.2025 |
|
ОСК Төрағасы Түркістан облысы сайлау комиссияларының
қосымша сайлауға дайындығын тексерді
2025 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындау және өткізу шеңберінде Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен кеңес өткізді. Кеңеске ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман қатысты.
Кеңес барысында Түркістан облысының АСК төрағасы Аңсар Өсербаев, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандық және Кентау қ. аумақтық сайлау комиссияларының басшылары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындау және өткізу барысы туралы баяндама жасады.
Ағымдағы сайлау науқаны, қосымша сайлауды өткізуге учаскелік сайлау комиссияларының дайындығы мәселелері талқыланды. Сайлау процесінің барлық кезеңдерінде жариялылық, ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Сайлау учаскелерін жарақтандыру және дауыс берушілер, байқаушылар, сенім білдірген адамдар және БАҚ өкілдері үшін қолайлы жағдайлар жасау және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Нұрлан Әбдіров сайлау заңнамасының нормаларын қатаң сақтаудың, комиссиялардың барлық мүшелерін үздіксіз және сапалы оқытудың маңыздылығын атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



