| 06.02.2025 |
|
Құрметті сайлау процесіне қатысушылар!
2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Будапештте өткен Электоралды науқандарды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясымен белгіленген Дүниежүзілік сайлау күні 2025 жылғы 6 ақпанда атап өтіледі.
Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі.
Сайлау – бұл билікті қалыптастыру тетігі ғана емес, сонымен бірге әр азаматтың өз елінің болашағы үшін жауапкершілігі. Прогреске ұмтылу және сайлау процестеріне қатысудың маңыздылығын түсіну мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай еліміздің сайлау комиссияларымен 82 мың адамды қамтитын 1 900-ден астам іс-шараларды өткізу жоспарланған.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесінің барлық қатысушыларын демократиялық дамудың негізгі элементі ретінде сайлау жүйесінің маңыздылығын атап өтуге арналған кәсіби мерекемен құттықтайды.
Қазақстандықтарға белсенді азаматтық ұстаным, ал сайлауды ұйымдастырушыларға өз жұмысында кәсібилік, ашықтық және жауапкершілік тілейміз.
Құрметті әріптестер! Сіздердің еңбектеріңіз қоғамның сенімін нығайтуға және сайлау жүйесін жетілдіруге ықпал етсін!
Құрметпен,
|
ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Нұрлан Әбдіров |
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

