| 02.08.2024 |
|
2024 жылғы 1-2 тамызда ҚР ОСК республикалық
референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша
екінші республикалық семинар өткізді
2024 жылғы 1-2 тамызда Электоралдық оқыту орталығының базасында ҚР Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша екінші республикалық оқыту семинарын өткізді.
Семинар өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, сондай-ақ облыс орталықтарының АСК мүшелерінің қатарынан «Жаттықтырушы жаттықтырушыны оқытады» қағидаты бойынша каскадты әдіспен жергілікті жерлерде комиссия мүшелерін оқытуды жүргізуге тиіс жаттықтырушыларды даярлауға бағытталған.
Семинар республикалық референдумды дайындау және өткізу кезеңінде электораттық оқытуды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.
Оқу курсының негізгі спикерлері Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С. Мұстафина, ҚР ОСК аппаратының бөлім меңгерушілері болды.
Семинар аясында тыңдаушылардың бірінші тобы комиссия мүшелерін оқытудың нысандары мен әдістерін, атап айтқанда, жоспар-кесте құру, презентациялар жасау, әдістемелік оқыту портфелін, кейстер базасын, лекторлар пулын қалыптастыру мәселелерін қарады, дауыс беру күні кездесетін әртүрлі кейстерді модельдеу дағдыларын және т. б. пысықтады.
Екінші топ референдум кезеңінде бюджеттік өтінімдерді жасау, комиссия мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуді жүзеге асыру, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау бойынша шағын топтарда практикалық жұмыс жүргізді.
Сонымен қатар, көпшілік алдында сөз сөйлеуді дамыту, комиссия мүшелерінің референдумға қатысушылармен тиімді коммуникацияларын құру дағдылары пысықталды.
Семинар аясында комиссия мүшелерімен кіріс және қорытынды тестілеу өткізілді, бұл олардың құқықтық және практикалық білім деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.
Семинар соңында тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар берілді. Семинарға барлығы 77 адам қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
