| 31.07.2024 |
|
2024 жылғы 30-31 шілдеде ҚР ОСК республикалық
референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша
АСК мүшелеріне арналған оқыту семинарын өткізді
ҚР ОСК 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №104/806 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2024 жылға арналған Шаралар кешеніне сәйкес, сондай-ақ республикалық референдумға дайындық аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 30-31 шілдесінде Электоралдық оқыту орталығының базасында «Республикалық референдумның ұйымдастырушылық – құқықтық мәселелері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, сондай-ақ облыс орталықтарының АСК мүшелерінің қатарынан «Жаттықтырушы жаттықтырушыны оқытады» қағидаты бойынша каскадты әдіспен жергілікті жерлерде комиссия мүшелерін оқытуды жүргізуге тиіс жаттықтырушыларды даярлауға бағытталған.
Оқыту курсының негізгі спикерлері ҚР ОСК Төрағасының орынбасары К.Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С. Мұстафина, ҚР ОСК аппаратының бөлім меңгерушілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері болды.
Спикерлер тыңдаушыларға республикалық референдум туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді, ұйымдастырушылық-өкімдік сипаттағы, референдумды ақпараттық қамтамасыз ету, қоғамдық байқау, қоғамдық пікірге сұрау салу, мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанда атом саласын дамыту мәселелерін түсіндірді.
Дауыс беру күнін ұйымдастыру, референдум кезеңінде құжаттаманы дайындау, республикалық референдумға қатысушылармен өзара іс-қимыл бойынша тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, көпшілік алдында сөз сөйлеуді дамыту, тиімді коммуникацияларды құру дағдылары пысықталды.
Семинар аясында комиссия мүшелеріне кіріс және қорытынды тестілеу өткізілді, бұл олардың құқықтық және практикалық білім деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.
Семинар соңында тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар берілді. Семинарға барлығы 62 адам қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

