| 01.10.2024 |
|
Ортсайлауком ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
С.С. Ерубаевты тіркеді
ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.С. Ерубаевты тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесі пленумының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі хаттамасынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Серік Сәрсенұлы Ерубаевқа берілсін.
2. Серік Сәрсенұлы Ерубаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Серік Сәрсенұлы Ерубаевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Серік Сәрсенұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


