| 16.09.2024 |
|
Қоғамдық пікірге сауал салу жүргізу туралы
А.ж. 16 қыркүйектегі жағдай бойынша ОРК-на 4 (төрт) заңды тұлғадан тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізетіні туралы хабарламалар келіп түсті:
1. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» - сауал салу әдісі: «face to face» сұхбаты, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауал салу (exit-poll);
2. «Институт комплексных социальных исследований – Астана» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» - сауал салу әдісі: «face to face» сұхбаты, әлеуметтік желілер мен ақпараттық бюллетеньдерді қолдана отырып қашықтықтан сауал салу жүргізу, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
3. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігі – сауал салу әдісі: «face to face» сұхбаты;
4. «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС – сауал салу әдісі: дауыс беру күні референдум учаскелерінен шыға берісте қоғамдық пікір жинауды өткізу (exit-poll).
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-1-бабының талаптарына сәйкес республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген нормаларға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс.
Осылайша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, референду, референдумға байланысты өзге де зерттеулер нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейдi.
Референдумға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
