24.10.2023 |
![]() |
ҚР ОСК ұлттық мереке қарсаңында салтанатты жиналыс өтті
24 қазанда Орталық сайлау комиссиясында Қазақстанның ұлттық мерекесі - Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, оған барлық өңірлерден аумақтық, аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Іс – шараны аша отырып, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің нышаны екенін атап өтті. ОСК Төрағасы сондай-ақ ұлттық мерекеге орай Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық пен мәдени дамуына үлес қосқан, мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін азаматтар марапатталатынын айтты.
Бүгінгі таңда сайлау жүйесі сайлау науқандарын дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын 86 мыңнан астам адамды қамтиды, олардың 800-і кәсіби негізде өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Өткен жылдың қазан айынан бастап конституциялық өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентін, Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтті. Яғни, референдумды қоса алғанда, бір жылдан астам уақыт ішінде 5 аса маңызды саяси науқан өткізілді.
Еліміздің сайлау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Орталық сайлау комиссиясының басшысы ОСК аппараты мен еліміздің сайлау органдарының бірқатар қызметкерлеріне құрметті мемлекеттік наградалар табыс етті.
Осылай, «Парасат» орденімен 1 адам, «Құрмет» орденімен 9 сайлау жүйесінің қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 22 адам, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 17 адам марапатталды.