| 05.10.2023 |
|
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін
сайлау бойынша пилоттық өңірлерге ОСК мүшелерінің
инспекциялық сапарлары жалғасуда
2-5 қазан аралығында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау жөніндегі науқанды ұйымдастыру және өткізу шеңберінде Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров және ОСК мүшелері Сәбила Мұстафина мен Асылбек Смағулов Павлодар, Жетісу, Алматы және Қызылорда облыстарына барды.
Сапарлардың негізгі мақсаты алдағы әкімдерді тікелей сайлауды өткізетін аудандық сайлау комиссияларына баса назар аудара отырып, өңірлік сайлау органдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету және оқыту болып табылады.
ҚР ОСК төрағасының орынбасары Павлодар облысын аралау барысында Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандарының сайлау органдарының қараша айында өтетін сайлауға дайындық барысымен танысты.
Константин Петров аудандық аумақтық сайлау комиссиялары учаскелік комиссиялар үшін өткізетін тренингтерге қатысты, онда негізгі назар практикалық кейстерді пысықтауға аударылды. Оларға сайлауды тағайындаудан бастап дауыс беру күніне дейін сайлау науқанын өткізудің негізгі кезеңдері түсіндірілді. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Тренингтерге сайлау комиссияларының барлығы 335 мүшесі қатысты.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында ол Павлодар облысының облыстық, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті, онда сайлау науқанын дайындау, халықты ақпараттандыру, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды жалғастыру мәселелері талқыланды.
ҚР ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина 2-3 қазанда Жетісу облысының Кербұлақ, Сарқан аудандарында өткен учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің оқыту семинарларының жұмысына қатысты.
Семинар барысында сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс алгоритмі талқыланды, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының сұрақтарына жауаптар берілді.
Іс-шараларға екі ауданнан учаскелік сайлау комиссияларының 282 мүшесі және облыстың аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 8 төрағасы, сондай-ақ аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 14 мүшесі қатысты.
Алдағы пилоттық аудандар әкімдерінің сайлауын өткізуге дайындық шеңберінде ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінен бастап Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында сайлау комиссияларының мүшелері үшін "Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлау жөніндегі сайлау процесінің ерекшеліктері"тақырыбында көшпелі оқыту семинарларының циклі басталды.
4 қазанда ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында оқыту семинарларына қатысты.
Семинарлар аясында сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, дауыс беру тәртібі және сайлауда дауыс беру қорытындысын шығару, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік және т. б. мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, "Дауыс беру күні" іскерлік ойындары өткізілді, онда сайлау құжаттарын ресімдеуге, сайлау комиссиялары мүшелерінің мінез-құлқына, дауыс беру күні ықтимал жанжалды жағдайларды шешуге ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша оқуға қатысушылар сайлау заңнамасын білуге тестілеуден өтті. Іс-шараларға барлығы 170 адам қатысты.
ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандарына инспекциялық сапармен барды.
Асылбек Смағұлов пилоттық сайлау өткізудің екі ауданында орналасқан бірнеше сайлау учаскелерін қарап, дайындық барысын талдап, "дауыс беру күні"іскерлік ойынын өткізу тәжірибесін қадағалады. Онда дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысы егжей-тегжейлі талданды.
Асылбек Смағұлов комиссия мүшелерімен сайлау өткізудің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ол сайлауды ашық және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес өткізу маңызды міндет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ол Сырдария және Шиелі аудандарындағы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңестерге қатысты.
Семинар-кеңестер шеңберінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, прокуратураның өкілдері сөз сөйлеп, сайлауға дайындық жұмыстарының барысы, науқанды өткізу кезеңінде заңдылықтың сақталуы, сайлау күні қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету туралы баяндады.
Іс-шараларға сайлау комиссияларының 250-ге жуық мүшесі қатысты.
Бүгінгі таңда ҚР ОСК мүшелері 8 өңірге - Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарына барды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



