| 27.09.2023 |
|
Ортсайлауком ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Д.Қ. Қыдырәліні тіркеді
2023 жылғы 26 қыркүйегінде Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 360 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.Қ. Қыдырәліні тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Д.Қ. Қыдырәліні тағайындау туралы» 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 360 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі тіркелсін.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 27 қыркүйекте Дархан Қуандықұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстау барысында депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеген сәттен басталатынын атап өтіп, оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретіндегі жұмысына сәттілік тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



