| 21.09.2023 |
|
ҚР ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Ереван муниципалдық Кеңесінің
сайлауын байқауға қатысты
ҚР ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен 2023 жылғы 17 қыркүйекте өткен Ереван муниципалдық Кеңесінің сайлауын байқауға қатысты.
2023 жылғы 16 қыркүйекте Сәбила Мұстафина Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының сайлауға дайындық барысы туралы презентациясымен танысты.
Презентецияда Армения Орталық сайлау комиссиясының басшылығы халықаралық байқаушыларды сайлау науқанының негізгі кезеңдері, барысы, осы сайлаудың дайындығы мен ерекшеліктері, сондай-ақ өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелер туралы хабардар етті.
2023 жылғы 17 қыркүйекте - сайлау күні ҚР ОСК мүшесі техникалық құралдар мен биометриялық деректер арқылы дауыс беру барысын, сайлаушыларды сәйкестендіру және тіркеу, сондай-ақ дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығаруды байқау мақсатында Ереванның бірқатар сайлау учаскелеріне барды.
Сайлауға 13 саяси партия мен 1 партия блогы қатысты. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге Ереванның 10 аудандық және 475 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды. Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын дауыс беру күнінен кейінгі 7-ші күні шығарады.
Анықтама: Ереван муниципалдық кеңесі 65 мүшеден тұрады. Сайлау пропорционалды сайлау жүйесі бойынша өтеді. Заңнамаға сәйкес мандаттарға – 4%, партиялар блогы жағдайында – 6% жинаған саяси күштер ие болады. Егер төменгі деңгейде 3 саяси күштен аз болса, онда мандаттарды бөлуге ең көп дауыс жинаған үш саяси күш қатысады. Егер партиялардың біреуі немесе партиялар блогы мандаттардың 50 % астамын алса, онда сол партияның немесе партиялар блогының кандидаттар тізімінің бірінші жолында тұрған адам заңнамаға сәйкес Муниципалитеттің басшысы болып сайланған болып саналады. Егер бірде-бір саяси күш Муниципалдық кеңес мүшелерінің орындарының 50 % астамын жинамаса, онда Муниципалитет басшысын Муниципалдық кеңес мүшелері ашық дауыс беру арқылы сайлайды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




