| 27.06.2023 |
|
ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Халықаралық электоралдық
форумының жұмысына қатысты
2023 жылғы 22-23 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы сайлау: әртүрлілік, үздік тәжірибелер, өзекті мәселелер және даму жолдары» тақырыбындағы бірінші Ыстықкөл электоралдық форумының жұмысына қатысты.
Форумның мақсаты сайлау заңнамасын жетілдіруге, озық цифрлық технологияларды енгізуге, сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу саласында тәжірибе алмасуға байланысты көптеген мәселелерді талқылау болды.
Іс-шараға ТМД-ның 10 елінен, алыс және жақын шетелден сайлау органдарының басшылары мен өкілдері, бірқатар халықаралық ұйымдардың - Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының (А-WEB), ТМД Атқарушы комитетінің, Түркі Мемлекеттері Ұйымының, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының, ТүркПА-ның делегациялары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, академиялық және сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Форумның бірінші күнінде «Сайлау құқығы мен процесін жетілдіру», "Сенімділік пен ашықтық технологиялары», «Жастар мен сайлау» тақырыптарында үш дөңгелек үстел өтті.
Пленарлық отырыста форумның екінші күнінде шет елдердің ОСК және халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
«Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі» тақырыбындағы баяндамасында Ортсайлаукомның Төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен өткен жылдың 5 маусымында республикалық референдумда жалпыхалықтық қолдау тапқан конституциялық реформа сайлау заңнамасын түбегейлі жаңартып, еліміздің сайлау жүйесін өзгерткенін атап өтті. Республикада сайлау процесін дамытудың негізгі бағыттарын ашты: аралас сайлау жүйесін енгізу, азаматтардың саяси процестерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, сайлау рәсімдері мен сайлау органдарының ашықтығын қамтамасыз ету, сайлау органдарын кәсібилендіру және т.б.
Оның айтуынша, форум «қатысушыларға өзекті мәселелерді, озық тәжірибені және қазіргі кезеңде сайлау процесін дамыту жолдарын талқылауға бірегей мүмкіндік береді».
Электоралдық форум аясында Нұрлан Әбдіров бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Қырғызстан, Түркия, Армения ОСК төрағаларымен, сондай-ақ Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы Бас хатшысының орынбасарымен кездесті. Сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Түркіменстан, ТМД ПАА, ТМҰ, ТүркПА делегацияларының басшыларымен «тік тұрып» кездесулер өтті.
Осы кездесулер барысында сайлау процесін ұйымдастырудың заманауи тәжірибелері туралы пікір алмасу, түрлі елдер заңнамасының жаңашылдықтарымен танысу, екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдірілді. Түркия және Армения ОСК төрағаларымен болашақта Қазақстан ОСК-мен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі туралы мәселе талқыланды.
Шет елдердің сайлау органдары мен халықаралық ұйымдардың басшылары және өкілдері Қазақстан ОСК-ның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақыру алды. Оны өткізу 2023 жылдың желтоқсан айының басына жоспарланып отыр.
Екі күндік жұмыстың қорытындысы бойынша қатысушылар ашық диалогты, пікірталастарды және сындарлы өзара іс-қимылды ілгерілету, әртүрлі елдердің сайлау жүйелері алдында тұрған өзекті мәселелерді шешудің инновациялық жолдарын іздеу үшін жаңа алаңның маңыздылығын атап өтіп, өткен электоралдық форумның әлеуетін арттыру қажеттігі туралы пікір білдірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы







