| 13.04.2023 |
|
Ағымдағы жылдың 12-13 сәуірінде ҚР ОСК
сайлауды ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша АСК
мүшелеріне семинар ұйымдастырды
2023 жылы 12-13 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығының негізінде «Қазақстан Республикасындағы сайлауларды ақпараттық сүйемелдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың тыңдаушылары сайлау науқандары мен сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты аумақтық сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелері болды.
Негізгі спикерлер ретінде ҚР ОСК мүшелері Сәбила Мұстафина мен Анастасия Щегорцова, сондай-ақ медиа/PR салаларындағы сарапшылар, бизнес-жаттықтырушылар мен коучтер сөз сөйледі.
Семинардың мақсаты – сайлау науқанының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерінде АСК мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылармен қарым-қатынас орнату дағдыларын жетілдіру.
Семинар интерактивті ойындар, топтық жұмыстар, case-study, мінез-құлықты модельдеу және рөлдік ойындар форматында өтті.
Екі күн бойы лекторлар семинарға қатысушыларды:
· сайлауды ақпараттық сүйемелдеудің құқықтық негіздеріне;
· медиа жоспарлаудағы жаңа тәсілдерге;
· коммуникациялық әдістерге, оның ішінде сайлау процесіне қатысушылармен дағдарыстық коммуникацияларға;
· баспасөз іс-шараларын ұйымдастыруға;
· көпшілік алдында сөйлеу дағдыларына;
· беделдік менеджментке оқытты.
Алынған білім мен материалдар негізінде аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері жергілікті жерлерде осындай семинарлар ұйымдастырады.
Семинардың жұмысына 60 адам қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




