27.03.2023 |
![]() |
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың
қорытындыларын аңықтау туралы
27 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен 2023 жылғы 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларын аңықтау туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, Бас прокуратураның, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, әділет, ішкі істер министрліктерінің жауапты лауазымды тұлғалары шақырылды. Сондай-ақ отырысқа дәстүрлі түрде ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясының өкілдері қатысты.
Отырыстың тікелей эфирі сурдоаударманы қамтамасыз ете отырып, интернет-ресурс пен Youtube арқылы өтті.
Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселенің алдында, Нұрлан Әбдіров мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау тиісті аумақтық сайлау комиссияларының құзыретіне жататынын хабарлады. Осыған байланысты аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткен күннен бастап екі күн мерзімде, яғни 21 наурыздан кешіктірмей, 37 қалалық және 166 аудандық мәслихатқа сайлаудың қорытындыларын шығару бойынша өз шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады. Ал облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары сайлау күнінен бастап бес күн мерзімде, яғни 24 наурыздан кешіктірмей 20 мәслихатқа сайлаудың қорытындыларын шығару және тиісті ақпаратты жариялау бойынша жұмыстарды жүргізді.
Сондай-ақ ол барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссияларының шешімдері Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында сілтеме түрінде орналастырылғанына назар аударды.
Сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес жалпы республика бойынша Парламент Мәжілісі депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткен күннен бастап он күн мерзім ішінде анықтайды және жариялайды.
20 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. 27 наурызда аумақтық және округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындылары шығарылды.
Сайлаушылардың нақтыланған тізімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы сайлаушыларының жалпы саны 12 миллион 035 мың 578 адамды құрады.
VIII сайланымның партиялық тізімдер бойынша сайланатын 69 депутатын сайлауда барлығы 6 миллион 366 мың 441 адам дауыс берді.
Жалпы республика бойынша сайлаушылардың дауыстары келесідей бөлінді:
- Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясына - 535 мың 139 дауыс немесе 8,41%;
- «AMANAT» саяси партиясына - 3 миллион 431 мың 510 дауыс немесе 53,90%;
- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына - 693 мың 938 дауыс немесе 10,90%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 331 мың 058 дауыс немесе 5,20%;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясына - 146 мың 431 дауыс немесе 2,30%;
- Қазақстан Халық партиясына - 432 мың 920 дауыс немесе 6,80%;
- «Respublica» партиясына - 547 мың 154 дауыс немесе 8,59%;
- Бәріне қарсы - 248 мың 291 адам немесе 3,90% сайлаушылар дауысы.
Осылайша, дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, саяси партиялар бойынша депутаттық мандаттар төмендегідей бөлінеді: «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы - 6, «AMANAT» партиясы - 40, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 4, «Қазақстан Халықтық партиясы» - 5 және «Respublica» - 6 мандат алады.
Нұрлан Әбдіров сондай-ақ саяси партиялар өкілдерінің назарын депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның басшы органы партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей, анықтайтынына және депутаттық мандаттарды бөлген кезде үш санат өкілдерінің: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың саны жиынтығында жалпы санының кемінде отыз процентін құрауы тиіс.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы отырыс шеңберінде аудандық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланымы депутаттарын сайлау нәтижелері туралы тиісті құжаттарды бекітті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды:
1) Астана қаласы, №1 сайлау округі бойынша - Дәулет Болатұлы Тұрлыханов;
2) Астана қаласы, №2 сайлау округі бойынша - Дәулет Төлеутайұлы Мұқаев;
3) Алматы қаласы, №3 сайлау округі бойынша - Ермұрат Сейтқазыұлы Бапи;
4) Алматы қаласы, №4 сайлау округі бойынша - Ерлан Даулетұлы Стамбеков;
5) Алматы қаласы, №5 сайлау округі бойынша - Бақытжан Жұмабекұлы Базарбек;
6) Шымкент қаласы, №6 сайлау округі бойынша - Данабек Ержанович Исабеков;
7) Шымкент қаласы, №7 сайлау округі бойынша - Болатбек Нажметдинұлы;
8) Абай облысы, №8 сайлау округі бойынша - Нұртай Салихұлы Сабильянов;
9) Ақмола облысы, №9 сайлау округі бойынша - Айна Ермекқызы Мысырәлімова;
10) Ақтөбе облысы, №10 сайлау округ бойынша - Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев;
11) Алматы облысы, №11 сайлау округі бойынша - Ардақ Құттықожаұлы Назаров;
12) Алматы облысы, №12 сайлау округі бойынша - Данияр Алдабергенұлы Қасқарауов;
13) Атырау облысы, №13 сайлау округі бойынша - Әділ Орынбасарұлы Жұбанов;
14) Батыс Қазақстан облысы, №14 сайлау округі бойынша - Абзал Темірғалиұлы Құспан;
15) Жамбыл облысы, №15 сайлау округі бойынша - Мукаш Зулкарнаевич Искандиров;
16) Жамбыл облысы, №16 сайлау округі бойынша - Гульдара Алданышевна Нурумова;
17) Жетісу облысы, №17 сайлау округі бойынша - Руслан Садуақасұлы Қожасбаев;
18) Қарағанды облысы, №18 сайлау округі бойынша - Кудайберген Бексултанов;
19) Қарағанды облысы, №19 сайлау округі бойынша - Арман Қобыландыұлы Қалыков;
20) Қостанай облысы, №20 сайлау округі бойынша Еркін Аманжолұлы Әбіл;
21) Қызылорда облысы, №21 сайлау округі бойынша - Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов;
22) Маңғыстау облысы, №22 сайлау округі бойынша - Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин;
23) Павлодар облысы, №23 сайлау округі бойынша - Жаркынбек Амантай;
24) Солтүстік Қазақстан облысы, №24 сайлау округі бойынша - Еркебұлан Нұрмағамбетұлы Мәмбетов;
25) Түркістан облысы, №25 сайлау округі бойынша - Қайрат Рахымұлы Балабиев;
26) Түркістан облысы, №26 сайлау округі бойынша - Ұласбек Сәдібеков;
27) Түркістан облысы, №27 сайлау округі бойынша - Темір Базарбайұлы Қырықбаев;
28) Ұлытау облысы, №28 сайлау округі бойынша - Ерболат Жалғасбайұлы Сатыбалдин;
29) Шығыс Қазақстан облысы, №29 сайлау округі бойынша - Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов.
ОСК Төрағасы отырысқа қатысушыларға сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей кандидат, саяси партия Орталық сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнінде есеп беруге міндетті екенін, онда ақшалай түсімдер көздері, сондай-ақ шығындар көрсетілуі тиіс екенін хабарлады.
Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде сайлау қорлары бойынша есептілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Сайлау заңнамасында белгіленген барлық рәсімдік мерзімдерді сақтау маңызды.
Отырысты қорытындылай келе, Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау жаңартылған сайлау заңнамасына сәйкес өткенін, сайлауды өткізудің жаңа форматы үлкен қоғамдық қызығушылық тудырғанын және саяси бәсекелестікті жандандырғанын атап өтті. Сайлауалды жарысқа тіркелген барлық 7 саяси партия, оның ішінде 2 жаңа партия қатысты. Азаматтардың өзін-өзі ұсыну мүмкіндігінің арқасында жекелеген округтердегі бәсекелестік 1 мандатқа 63 адамға дейін құрады.
Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне қатаң сәйкестікте, ашықтық пен айқындық қағидаттарында жүзеге асырылды.
Ол сондай-ақ өткен сайлау науқаны сайлаушылардың, байқаушылардың және тіпті сайлау комиссияларының өздері үшін әжептеуір күрделі болғанын атап өтті. Бұл жаңа пропорционалды-мажоритарлық жүйені енгізуге сәйкес электоралдық ережелердің өзгеруіне және Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлаудың біріктірілуіне байланысты.
Халықаралық байқаушылар сайлау органдарының сайлаушылар үшін ауқымды және инклюзивті ақпараттық науқан өткізуін, сайлауға тиімді дайындықты және дауыс беру күнін ұйымдастыруды жоғары бағалады.
Дауыс беру күні рәсімдерді 81 мыңнан астам ұлттық байқаушы, шет мемлекет пен халықаралық ұйымнан 793 байқаушы, 1144 қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шет елдерден 236 аккредиттелген журналист байқады.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы сайлау науқанына қатысу тек саяси ғана емес, сонымен қатар құқықтық процесс екенін атап өтті. Сондықтан сайлау заңнамасын сақтау жөніндегі талаптар сайлау процесінің барлық қатысушыларына бірдей қолданылады.
Дегенмен, жекелеген өңірлердегі кейбір учаскелерде дауыс беру және дауыстарды санау рәсімдерін жүргізу кезінде бұзушылықтар жіберілді. Заңды бұзғаны үшін учаскелік комиссиялардың шешімдерімен сайлау комиссияларының 19 мүшесі олардың жұмысына қатысудан дереу шеттетілді.
Әлеуметтік желілерде осындай ақпараттық материалдардың таралуына және сайлау комиссияларына өтініштердің түсуіне байланысты 19 наурызда ОСК Бас прокуратураға әрбір факт бойынша тексеру және құқықтық бағалау жүргізу туралы сұрау салуды жіберді. Бас прокуратураның мәліметі бойынша дауыс беру күні 42 адамның тарапынан бұзушылықтар тіркеліп, олардың барлығы жауапқа тартылды. Оның ішінде 7 учаскелік комиссия мүшесіне әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бабы бойынша айыппұл салынды.
Жалпы, елдегі сайлау күні тыныш өтті және дауыс беру тиімді ұйымдастырылды. Мұны сайлау процесіне қатысушылардың көпшілігі атап өтті деп қорытындылады Нұрлан Әбдіров.
Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін ОСК Төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен дәстүрлі брифинг өтті, онда олар журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.