20.03.2023 |
![]() |
Халықаралық байқаушылармен кездесулер туралы
ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау қарсаңында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері шетелдік және халықаралық байқаушылар делегацияларымен бірқатар кездесулер өткізді. Жалпы алғанда, халықаралық ұйымдармен 9 кездесу, шетелдік сайлау органдарының мүшелерімен 7 екіжақты кездесу өтті, сондай-ақ халықаралық БАҚ брифингі өткізілді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының, Түркі мемлекеттері ұйымының, Ресей Федерациясы мен Беларусь Одағының, Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының, сондай-ақ Түркі Парламенттік Ассамблеясының делегацияларымен кездесулер өтті.
Осы мақсатта Қазақстанға Әзірбайжан, Молдова, Моңғолия, Армения, Беларусь, Венгрия, Грузия, Үндістан, Қырғызстан, РФ, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Түркия Республикасы мен Филиппиннің сайлау органдарының мүшелері келді. Бес елдің сайлау комиссияларын олардың Төрағалары өздері басқарып келді.
Кездесу барысында Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров қонақтарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына әзірлік және оны өткізу барысымен таныстырып, депутаттыққа кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы айтып, барлық тіркеу рәсімдері конституциялық нормаларға сәйкес жариялылық және ашықтық қағидаттарында жүргізілгеніне ерекше назар аударды. Сайлау комиссиялары азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдады.
Нұрлан Әбдіровтің ТМД байқаушылар Миссиясының басшысы Леонид Анфимовпен кездесуінде Қазақстанда сайлауды байқау жөніндегі халықаралық ұйымдардың Миссияларының болуына үлкен мән берілетіні атап өтілді. Халықаралық байқау сайлаудың адалдығы мен ашықтығын қорғауда маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ Молдова және Әзірбайжан ОСК Төрағалары Анжелика Караман және Мазахир Панаховпен кездесулер барысында олар сайлау заңнамасының жаңалықтарын іске асыру барысына үлкен қызығушылық танытты және ел өңірлерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.
Айта кетейік, дауыс беру күні Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінде 41 шет мемлекет пен 12 халықаралық ұйымнан 793 байқаушы жұмыс істеді. Олар республиканың барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелерінде, сондай-ақ шетелдегі сайлау учаскелерінде Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау жөніндегі байқаушылардың өкілеттіктерін жүзеге асырды.
Делегациялардың көпшілігі біздің еліміздегі сайлау процестерін байқауға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Олардың барлығы сайлау процесінің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өтті.
Еліміздің қазіргі заңнамалық базасы қоғамдық процестерді демократияландыруға бағытталған саяси реформаларды табысты жүргізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сайлау заңнамасын жетілдіру азаматтардың сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес келетін жаңа саяси модель қалыптастыруға өз үлесін қосады. Сондай-ақ жаңа нормалар азаматтардың мемлекеттік және саяси институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Жастар мен волонтерлердің сайлау процесіне жоғары тартылуы және жас ұрпақты сайлау процесіне тарту жөніндегі қазақстандық тәжірибе басқа елдер үшін жақсы үлгі бола алатындығы жеке тоқталды.
Сайлау заңнамасының жаңашылдықтарын іске асыру барысына жоғары қызығушылық танытты және ел өңірлерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берілді.
Атап айтқанда, сайлау учаскелерін жақсы техникалық жарақтандыру, дауыс беру үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасау атап өтілді. Нашар көретін адамдар үшін Брайль шрифтімен, қосымша жарықтандырумен, үлкейткіштермен және т. б. ақпарат папкалары болды.
Сонымен қатар 20 наурызда ОСК баспасөз орталығында ТМД елдерінен сайлауды байқау Миссиясының өкілдері брифинг өткізді, оған ТМД Атқару Комитеті, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кірді.
Олар 19 наурызда Парламент Мәжілісіне өткен сайлау туралы жалпы әсерлерімен бөлісіп, ТМД Миссиясынан сайлау процесіне 196 байқаушы мониторинг жүргізгенін атап өтті. Олар елордадағы және еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлау комиссияларының жұмысымен танысты.
Миссия өкілдері елдегі сайлау ұлттық заңнама шеңберінде және азаматтардың сайлау құқығын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып өткізілгенін атап өтті. Өңірлік сайлау комиссияларының орасан зор жұмысы атап өтілді.
Сайлау науқаны бәсекелестікте өтті және үлкен қоғамдық қызығушылық тудырды, бұл сайлауға қатысқан өзін-өзі ұсынушылар мен саяси партиялардың көптігімен расталады.
ТМД байқаушыларының пікірінше, Орталық сайлау комиссиясы мен жергілікті комиссиялар заңнаманың талаптарына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу үшін қажетті шараларды қабылдап, аяқталған сайлау науқанының жоғары кәсібилігі мен тиісті ұйымдастырушылық деңгейін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша ТМД миссиясы Орталық сайлау комиссиясына бүкіл сайлау науқанын ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылығын білдірді.
Жалпы сайлау процесінің мониторингі жөніндегі халықаралық сарапшылар сайлаудың барлық кезеңдерінде барлығы ұлттық заңнаманың талаптарына және еркін және демократиялық сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын, жалпы қабылданған халықаралық талаптарға сәйкес өтті деп қорытындылады.
Олар сондай-ақ өткен сайлау жалпыұлттық референдумнан басталған сайлау марафонының аяқталуы болғанын атап өтті. Енді Қазақстаннан саяси және экономикалық дамудың жаңа кезеңі күтілуде.