| 18.03.2023 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
мүшелерінің шет мемлекеттердің орталық сайлау
органдарының өкілдерімен кездесуі
18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын байқауға шет мемлекеттердің Армения, Молдова, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Румыния, Венгрия, Грузия, Үндістан, Моңғолия, Түрікменстан және Филиппин 16 орталық сайлау органдарынан өкілдері келді.
ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров құттықтау сөзінде кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасының ағымдағы сайлау науқанын байқауға қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ кездесу сайлауды әзірлеу мен өткізу саласындағы сарапшылардың кездесуі болып табылатынын атап өтті, өйткені бүгінгі кездесуге қатысушылардың әрқайсысы өз елі үшін маңызды осы саяси оқиғаны өткізді немесе оған қатысты.
Сайлау науқанына дайындық барысы туралы ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады. Ол ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктері, оның кезеңдері және дауыс беру күніне дайындық туралы айтты. Сондай-ақ ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина электоралдық оқыту қорытындылары туралы баяндады.
Кездесу қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


.jpeg)
