| 16.03.2023 |
|
Нұрлан Әбдіров ТМД байқаушылар Миссиясының
басшысымен кездесті
Бүгін, 16 наурызда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға ТМД-дан байқаушылар Миссиясының басшысы болып тағайындалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимовпен кездесті.
Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мен ОСК мүшесі Шавқат Өтемісов қатысты. ТМД-дан байқаушылар Миссиясы тарапынан Штаб басшысы Олег Кулеба ТМД және ТМД Атқарушы комитеті баспасөз қызметі басшысының орынбасары Виталий Краснобаев.
Нұрлан Әбдіров Леонид Анфимов пен ТМД Атқарушы комитеті қызметкерлерін 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу барысымен таныстырып, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сондай-ақ халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы қысқаша хабардар етті.
ОСК Төрағасы ТМД-дан байқаушылардың қатысуы жұртшылықтың сайлауға деген сенімін арттыратынын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге әзірлік және оны өткізу бойынша қорытынды іс-шаралар өткізді. Сайлау комиссиялары сайлау рәсімдерінің ашықтығын және сайлау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге дайын.
Ол ҚР ОСК сайлауды байқау жөніндегі халықаралық ұйымдардың миссияларының болуына үлкен мән берілетінін атап өтіп, әріптестеріне Ортсайлауком отырыстарына және басқа да іс-шараларға тұрақты қатысқаны үшін алғыс айтты.
Өз кезегінде Леонид Анфимов сайлаудағы ТМД-дан байқаушылар Миссиясының қызметі туралы айтып, Миссия сайлаудың өткізілуін демократиялық сайлаудың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен ұлттық заңнамаға сәйкестігін бағалайтынын атап өтті. Миссия сайлаудан кейінгі күні ТМД елдерінің барлық үйлестірушілерімен келісілген мәлімдемесінде өзінің бағасын жариялайды.
Леонид Анфимов бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

