| 19.02.2023 |
|
Кандидаттарды тіркеу қорытындылары, кандидаттардың
шығыстар мөлшерін белгілеу және шетелдік байқаушыларды
аккредиттеу туралы баспасөз релизі
19 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен келесі мәселелер бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті:
1. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауда бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы»;
2. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы»;
3. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шет мемлекет пен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы».
Отырысқа облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты. Саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау Миссиясының өкілдері шақырылды.
Отырыстың трансляциясы сурдоаударманы қамтамасыз ете отырып, интернет-ресурс және Youtube арқылы өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Нұрлан Әбдіров сайлау үдерістеріне елеулі қоғамдық қызығушылық пен белсенділік, сондай-ақ ағымдағы сайлау науқанында жоғары бәсекелестік азаматтарға өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік беретін сайлау заңнамасының жаңалықтарымен ерекшелетінін атап өтті.
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды бірмандаттық округтер бойынша тіркеу қорытындылары туралы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.
Ол 29 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша 609 кандидат ұсынылғанын хабарлады: 7 саяси партиядан 79 кандидат, төрт қоғамдық бірлестіктен 5 кандидат, 525 немесе 86,21 % - өзін-өзі ұсынушылар.
29 сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары келесідей: 435 кандидат тіркелді (бір мандатқа 15 адам).
Ең жоғары бәсекелестік Астана қаласында бір мандатқа 41 және 42 кандидат, сондай-ақ Алматы қаласында 37, 33, 34 кандидаттар. Ең азы – Түркістан облысының №25 округінде 5 кандидат.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 359 кандидат (82,53%), саяси партиялардан 76 кандидат (17,47%). Тіркелген кандидаттардың 350 немесе 80,46% - ы ерлер, 85 немесе 19,54% - ы әйелдер. Орташа жасы - 49, 34 жас. Кандидаттар арасында 10 этностың өкілдері бар.
Аудандық сайлау комиссияларының ұсынылған мәліметтерінің негізінде ұсынылған 609 кандидаттың 45-і тіркелгенге дейін жеке өтініштері негізінде алынып тасталғаны, 435 кандидаттың тіркелгені, 125 кандидатқа тіркеуден бас тартылғаны және 4 кандидаттың тіркелуі жойылғаны анықталды.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтеріне сәйкес бір мандатқа 10 288 кандидат немесе 3-тен астам адам тіркелді: облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың 334 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттарға 1451 кандидат тіркелді, қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша 2114 кандидат, аудандық мәслихаттарға 6723 кандидат тіркелді.
6359 кандидат немесе 61,81% өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 3929 кандидат немесе 38,19% әртүрлі саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер.
Тіркелген кандидаттардың 7494 немесе 72,84%-ы ер адамдар, 2794 немесе 27,16%-ы әйелдер. Орташа жасы - 42, 64 жас. Кандидаттар арасында 39 этностың өкілдері бар.
Сондай-ақ отырыс шеңберінде аумақтық сайлау комиссияларының ағымдағы науқанның барысы және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы есептері тыңдалды.
ОСК төрағасы кандидаттарды тіркеу рәсімдері конституциялық нормаларға сәйкес жариялылық және ашықтық қағидаттарында жүргізілгенін атап өтті. Сайлау комиссиялары азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдады.
Нұрлан Әбдіров күн тәртібіндегі екінші мәселе ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың сайлау алдындағы үгітті жүргізуге жұмсайтын шығыстарының мөлшерін белгілеумен байланысты екенін айтты.
Осы мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина баяндама жасады.
Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік беретінін хабарлады.
Қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін партиялық тізімдер бойынша кандидаттардан басқа шығыстар мөлшері 950 мың теңге көлемінде белгіленеді. Оның 450 мың теңгесі теледидардан және радиодан бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және/немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға, 300 мың теңгесі сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға, 200 мың теңгесі көлік шығыстарына арналған.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар үшін партиялық тізімдер бойынша кандидаттардан басқа 550 мың теңге көлемінде шығыстар мөлшері белгіленеді. Оның ішінде: 350 мың теңге - теледидардан және радиодан бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және/немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға, 130 мың теңге - сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға, 70 мың теңге - көлік шығыстарына.
Қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін шығыстар мөлшері 350 мың теңге көлемінде белгіленеді. Оның ішінде: теледидардан және радиодан бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және/немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға- 200 мың теңге, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға - 100 мың теңге және көлік шығыстарына - 50 мың теңге.
Аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін 350 мың теңге көлемінде шығыстар мөлшері белгіленеді. Оның ішінде: теледидарда және радиода бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және/немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға - 200 мың теңге, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға - 100 мың теңге және көлік шығыстарына - 50 мың теңге.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман сөз сөйледі.
Ол халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 10 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 82 байқаушы аккредиттелгенін хабарлады.
Бүгін аккредиттеуге 1 шет мемлекет пен 1 халықаралық ұйымнан 15 байқаушының кандидатуралары ұсынылды: Иран Ислам Республикасынан 1 кандидатура, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясынан - 14 кандидатура.
Дәстүр бойынша, отырыстан кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіліп, онда ОСК мүшелері олардың қызығушылығын тудырған барлық сұрақтарға жауап берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





