| 11.02.2023 |
|
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылы 11 ақпанда
саяси партияларға арналған семинар өткізді
2023 жылы 11 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясының алаңында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша саяси партиялар өкілдеріне арналған семинар өтті.
Семинар саяси партиялардың сайлауалды штабтарының, олардың өңірлік филиалдарының өкілдерінің, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясынан халықаралық байқаушылардың және электоралды оқытуға жауапты аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен офлайн және онлайн гибридтті форматта өтті. Семинар жұмысына 400-ден астам адам қатысты.
Негізгі спикерлер болып ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров, сондай-ақ ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Сәбила Мұстафина мен Анастасия Щегорцова сөз сөйледі.
Семинар барысында спикерлер кезектен тыс сайлаудың ерекшеліктері туралы айтып, төмендегі тақырыптар бойынша түсініктеме берді:
Сондай-ақ, семинар барысында қатысушылар ағымдағы сайлау науқаны бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы барлық сұрақтарға толық жауап алды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
.jpg)
.jpg)
.jpg)
