| 10.02.2023 |
|
Баспасөз - релизі
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 10 ақпан күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «ҮЕҰ академиясы» базасында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқауға бағытталған саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері үшін онлайн-семинар өткізді.
Семинарды ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет жүргізді.
ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізудің ерекшеліктері туралы баяндады. Ол сайлау жүйесінің жаңа тәртіптері, императивті құқықтың әрекеті, кандидаттар мен партиялардың ұсыну кезе4інің қорытындылары, тіркеу және сайлау алдындағы үгіт кезеңдерінің мерзімдері, дауыс берудің ерекшеліктері мен дауыстарды санаудың және дауыс беру нәтижелерін айқындаудың уақыт шеңбері туралы айтып берді.
ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқаудын құқықтық негіздері туралы ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова сөз сөйледі. Ол ҚР қоғамдық бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдарын аккредиттеу тәртібі, сондай-ақ ұлттық байқаушылардың қызметі мен өкілеттіктері туралы айтып берді.
Семинар соңында тыңдаушылар барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Семинардың жұмысына 150-ден астам адам қатысты. Онлайн семинардың жазбасын келесі сілтеме бойынша көруге болады: https://youtube.com/live/2QzaKxyiazk?feature=share
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



