| 08.02.2023 |
|
ПРЕСС-АНОНС
2023 жылғы 10 ақпан күні сағат: 15.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҮЕҰ академиясының базасында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқауға бағытталған саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері үшін онлайн-семинар өткізеді.
Семинарға қатысушыларды аккредиттеу 2023 жылғы 10 ақпан сағ: 13.00, +77029642271 whatsapp нөмірі мен o.ibraev@qogam.gov.kz электрондық адресі арқылы жүргізіледі.
Аккредиттеу кезінде қатысушының Т.А.Ә, сондай-ақ саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, коммерциялық емес ұйымның атауы көрсетілуі қажет.
Семинар барысында аккредиттелген қатысушыларға спикерлерге сұрақтар қоюға мүмкіндік беріледі.
Семинардың онлайн көрсетілімі келесі сілтеме бойынша өтеді: https://youtube.com/@user-xs3ym1su8c
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
