| 14.01.2023 |
|
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы ақпараттық хабарлама
2023 жылғы 14 қантарда елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 20 депутатының сайлауы өтеді.
Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды.
Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.
Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр.
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.
Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады:
- таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00 - 11.00) https://www.election.gov.kz/upload/photo-pr/2022-12/registartionk.JPG;
- дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару https://www.election.gov.kz/kaz/erv_diagrams/diagram_results.php.
Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-каналында жарияланатын болады - https://t.me/electionelection.
Қазақстан Республикасы бойынша дауыс беру пункттерінің тізімін қоса береміз.
ҚР ОСК Талдау және
коммуникациялар бөлімі
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
