| 30.12.2022 |
|
ҚЫМБАТТЫ ӘРІПТЕСТЕР!
Біз ел үшін тағдырлы уақытта ең маңызды және жауапты учаскелердің бірінде бірге жұмыс істеу мәртебесіне ие болдық.
Референдум нәтижелері саяси жаңарудың алғашқы қадамдарына айналды. Конституциялық реформа Жаңа Қазақстанды құру үшін құқықтық база қалыптастырды. Басталған қайта құрулар ел Президентінің кезектен тыс сайлауында жалғасын тапты. Биылғы жылы өткен Референдум мен Президенттік сайлау елдің болашақ өркендеуі мен қазақстандық қоғамның нығайуы үшін айқындаушы мәңге ие екені даусыз.
Біздің ұжымның, еліміздің барлық сайлау органдарының адал еңбегі 2022 жылғы науқандарды ұйымдастыру мен өткізудегі үйлесімділік пен тиімділік қазақстандық және халықаралық бақылаушылармен оң бағаланды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әріптестеріме жоғары кәсібилігі және біздің ортақ табысымызға қосқан зор үлесі үшін - Орталық сайлау комиссиясы мен өңірлердегі комиссия мүшелеріне, аппарат пен РМК ИТО қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін.
Алдағы жыл да үлкен сайлау циклімен белгіленеді. 2023 жылы біз Сенат, сондай-ақ Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын жаңа пропорционалды-мажоритарлық модель бойынша өткізуді, аудандық және ауылдық маңызы бар әкімдерді тікелей сайлауды қамтамасыз етуіміз керек. Біз бәріміз бір үлкен команда ретінде күрделі сайлау процестерінен өтіп, тиімділігіміз бен біртұтастығымызды көрсетеміз.
Санаулы сәттерден соң жаңа 2023 жылға қадам басқалы тұрмыз. Алдағы жыл нәтижелі және табысты болсын, жарқын жаңалықтар мен игі істерге толы болсын!
Баршаңызға және жақындарыңызға шын жүректен зор денсаулық, амандық және тілектеріңіздің орындалуын тілеймін!
|
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы |
Нұрлан ӘБДІРОВ |
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
