| 24.12.2022 |
|
ҚР ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты
депутаттарының сайлау науқаны шеңберінде отырыс өтті
2022 жылғы 24 желтоқсанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды:
1) 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы;
2) «2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы»;
3) «2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы».
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес а.ж. 24 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-де кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің 66 кандидатын тіркеді.
Кандидаттар арасында 95,5 (63)- өзін-өзі ұсынушылар және 4,5% (3) мәслихаттар ұсынған.
Тіркелген кандидаттар қатарында:
46 (69,7%) ерлер және 20 (30,3%) әйелдер;
кандидаттардың арасында: 4 (6,1%) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі депутаттары, 15 (22,7%) мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 29 (43,9%) мемлекеттік қызметшілер, 13(19,7%) коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 5 (7,6%) қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар;
мамандықтары бойынша: дәрігерлер – 3 (4,5%), инженерлер – 7 (10,6%), заңгерлер – 8 (12,1%), саясаттанушылар – 1 (1,5%), журналистер – 1 (1,5%), оқытушылар – 14 (21,2%), экономистер – 9 (13,6%), ауыл шаруашылығықызметкерлері – 10 (15,2%), басқалары – 13 (19,7%).
Кандидаттардың орташа жасы-51,8 жас.
Ең көп кандидаттар Жамбыл облысы мен Алматы қаласында тіркелген: 5 кандидат.
4 кандидат Абай және Түркістан облыстарында тіркелген. Астана, Шымкент ққ. және қалған 14 облыста 3 кандидат тіркелген.
Осылайша, тіркелген мандаттардың ішінен орта есеппен бір мандатқа – Парламент Сенатының депутаттығына 3 кандидат үміткер.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова отырыс барысында қатысушылардың назарын сайлау алдындағы үгіт ерекшеліктеріне аударды. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт басталды, яғни 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18-ден кейін және дауыс беру күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, яғни 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 00.00-де.
Барлық кандидаттар үгітті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу жолымен де, үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы да жүзеге асыруға құқылы.
ОСК-ға 160 БАҚ-тан ақпараттық хабарламалар келіп түсті, олар шарттық негізде кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыра алады. Толық тізбе, сондай – ақ эфирді, баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы ақпарат - ОСК интернет-ресурсында. Үгіт-насихатқа байланысты барлық шығыстар кандидаттардың сайлау қорларының қаражатынан төленуі керек. Кандидаттардың барлық үгіт материалдары тиісті түрде таңбалануы тиіс. Сайлау күні және оның алдындағы күні кез-келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Сайлау алдындағы үгіттің мерзімдерін, шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік көзделген.
Екінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады.
Баяндамаға сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес ОСК өз өкілеттіктеріне сәйкес Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, қорғалу дәрежесін белгілейді, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Сайлау бюллетенінің қорғалу дәрежесі әрбір сайлау науқаны үшін белгіленеді. Офсеттік басып шығару тәсілімен қолданылатын полиграфиялық қорғау әдістерін, түсін, басып шығару қаріпін және басқаларын көздейді.
Сайлау бюллетенінемемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып, барлық тіркелген кандидаттар және “Бәріне қарсымын” деген жол енгізіледі.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 37-бабына сәйкес сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың (облыс таңдаушыларының) жалпы санының 1 пайызы резервімен дайындалады.
Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес сайлау бюллетеньдері орналасқан үй мөрленеді және ішкі істер органдарының күзетуіне тапсырылады.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 24, 25, 26-баптарына сәйкес Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімдерін тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша облыстың аумақтық сайлау комиссиясы жасайды.
Сайлаушылар тізіміне облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың барлық депутаттары енгізіледі.
Таңдаушылар тізіміне облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың барлық депутаттары, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихатының депутаттары енгізіледі.
Сенат депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тізімдері танысу үшін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен ұсынылады, сондай-ақ сайлаудан кемінде жеті күн бұрын облыс мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылады.
Таңдаушыларға сайлау комиссиясының үй-жайында тізімдермен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген таңдаушылар туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына сүйене отырып, "2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы" қаулы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссияларына 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті мәслихаттары сайлаушыларының санына сәйкес, оның ішінде таңдаушылардың жалпы санының 1 пайызының резервін дайындау тапсырылды.
Сондай-ақ, қаулымен сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі белгіленеді.
Отырыстың үшінші мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавқат Өтемісов баяндады.
Баяндамашы ОСК мүшелерінің қарауына "2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы" қаулы жобасын шығарды.
Қаулыға сәйкес, сайлау процесіне мүдделі қатысушыларды Парламент Сенаты депутаттарын сайлау барысы туралы жедел хабардар ету және интернет-ресурсқа таңдаушылардың келуі, дауыс берудің алдын ала нәтижелері туралы нақты уақыт режимінде ақпарат ұсыну мақсатында 2023 жылғы 14 Қаңтарда дауыс беру күні ОСК интернет-ресурсының қосымша функционалын пайдалану ұсынылады.
Функционалды пайдалану сайлау туралы Конституциялық заңның 50-1 - бабы 7-тармағының ережесіне негізделген:"электрондық сайлау жүйесін пайдалану тәртібініңосы Конституциялық заңмен регламенттелмеген бөлігін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді”.
Бұл жүйе дербес деректер және оларды қорғау, ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып іске асырылды.
Ықтимал кибер-шабуылдарға және рұқсатсыз кіру әрекеттеріне қарсы тұру мақсатында интернет-ресурс пайдаланушыларының қауіпсіз қосылуын қамтамасыз ететін деректермен алмасу ХАТТАМАСЫ (SSL сертификаты) орнатылды.
ОСК интернет-ресурсының функционалы таңдаушыларды электрондық тіркеуге және оларды ҚР ОСК интернет-ресурсында көрсете отырып, дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруға арналған.
Дауыс беру күні сайлау өткізу барысын жариялау мақсатында кірушілер үшін ОСК интернет-ресурсының басты бетінде таңдаушылардың келу диаграммасы және дауыс берудің алдын ала қорытындылары көрсетілетін ақпараттық хабарламалар болады.
ОСК ұйымдастыру практикасында Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын электрондық сүйемелдеу 2017 жылдан бастап жүзеге асырылады және 2017 жылғы 28 маусымда және 2020 жылғы 12 тамызда өткізілген Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауында, 2018 жылғы 5 қазанда және 2019 жылғы 24 маусымда Шымкент қаласында өткізілген Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында, 2022 жылғы 22 сәуірде Алматы облысында шығып қалған депутаттың орнына Парламент Сенаты депутатының сайлауында, сондай-ақ 2022 жылғы 24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезіндесәтті пайдаланылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Сенаты депутаттарының алдағы сайлауы заңнамаға сәйкес, транспаренттілік пен бәсекелестік жағдайында өткізілуге тиіс екенін атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




