02.12.2022 |
![]() |
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Бұқаралық ақпарат құралдарына
ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға
эфир уақытын және баспасөз бетінен орын беру туралы
ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары 2022 жылғы 19 желтоқсаннан кешіктірмей эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс («ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының-3 тармағы).
Сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралының ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аталған мәліметтерді электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз: v.zheksembekova@election.gov.kz
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы