28.11.2022 |
![]() |
ҚР ОСК-да Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс
сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен кездесу өтті
2022 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясының Басшысы Уршула Гацекпен кезекті кездесуі өтті.
Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының мүшелері және ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясының өкілдері қатысты.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауды қысқа және ұзақ мерзімді форматта байқау жөніндегі белсенді жұмысы үшін ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясына алғысын айтты.
Өз кезегінде ДИАҚБ Миссиясының басшысы Уршула Гацек Миссия жұмысының барлық кезеңінде тиімді өзара іс-қимыл жасағаны үшін Комиссияға ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға және ҚР ОСК мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы тұрақты консультацияларды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.