| 18.11.2022 |
|
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің ҰҚШҰ ПА делегациясымен
кездесуі өтті
18 қарашада Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров топтың үйлестірушісі - Вагаршак Акобян басқаратын Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен кездесті.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы делегация мүшелеріне сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің қорытындыларын, Президенттікке тіркелген кандидаттар туралы ақпаратты ұсынды, сондай-ақ бүгін сайлау алдындағы үгіт кезеңі аяқталатынын, ал ертең, 19 қарашада тыныштық күні екенін атап өтті.
Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров ҰҚШҰ ПА өкілдерін сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтарының саны, елдегі сайлау учаскелерінің саны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде ҰҚШҰ ПА өкілдері ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдірді, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесуден кейін БАҚ үшін ҰҚШҰ ПА брифингі өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



