| 18.11.2022 |
|
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының делегациясымен кездесуі өтті
18 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің сайлау процесін байқауда тәжірибесі мол, құрамында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді байқаушылар бар ең ірі миссиялардың бірі - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының делегациясымен кездесуі өтті. Сайлауды байқау кезінде миссия мүшелері сайлау процесіне араласпауды қатаң ұстанады. ТМД бақылаушыларының миссиясын атқарушы комитеттің төрағасы-ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев басқарады.
Ағымдағы жылдың 16 қарашасында ТМД-дан байқаушылар миссиясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына әзірлікті бақылау барысы туралы аралық есебі жарияланды.
Кездесу барысында Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров Миссия мүшелеріне сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін, атап айтқанда Президенттікке кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындыларын, сайлау алдындағы үгіт жүргізу барысын ұсынды. Сондай-ақ, Нұрлан Әбдіров делегация мүшелерін елдегі сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің саны, Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде ТМД өкілдері берілген ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, ОСК мүшелеріне сайлау өткізуде табыс тіледі.
Кездесуден кейін ТМД Миссиясының брифингі өтті, онда миссия мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



