| 02.11.2022 |
|
ОСК мүшелері Ұлытау облысында ҚР Президенті сайлауын
дайындау және өткізу мәселелері бойынша көшпелі семинар-
кеңес өткізді
Ағымдағы жылдың 1-2 қарашасында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен ОСК мүшесі Сабила Мұстафина Ұлытау облысында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, БАҚ, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Іс-шараларға барлығы 150 адам қатысты.
ОСК мүшелері өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың баяндамаларын тыңдады.
Мәселен, облыс әкімі аппаратының басшысы А.А. Жайлыбаев ЖАО-ның сайлаушылар тізімі, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы хабарлады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары З.Ж. Ақылбекова сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігін және мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беру шарттарын қамтамасыз ету туралы хабардар етті. Осылайша, Ұлытау облысында мүгедектігі бар 493 сайлаушы бар, атап айтқанда кресло-арбаларды пайдаланатындар – 216 адам, есту қабілеті нашар адамдар – 106 адам, көру қабілеті нашар адамдар – 171 адам. Облыс бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны 136 құрайды. Дауыс беру күніне орай барлық сайлау учаскелерінде пандустар орнатылады, тактильді көрсеткіштермен жабдықталады. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға дауыс беру үшін бұрыштар мен кабиналар ұйымдастырылады. Жезқазған және Сәтбаев қалаларында инватакси іске қосылады.
Облыстық прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Р.К. Сәдуақасов сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру туралы, сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін көзделген әкімшілік жауаптылық туралы баяндады.
Семинар-кеңес аясында аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары үшін алдыңғы сайлау науқандарында болған нақты жағдайларды модельдеумен тренингтер өткізілді.
Тренингтер сайлау комиссиялары мүшелерінің практикалық дағдыларын, сайлау процесінің басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл және коммуникация дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. ОСК мүшелері "Дауыс беру күні" іскерлік ойынына тікелей қатысып, қатысушыларға нұсқау беріп, түзетіп, дауыс беру рәсімдері бойынша сұрақтар қойды.
Сондай-ақ ОСК мүшелері ауылдық сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне материалдық-техникалық және ақпараттық жарақтандыру дайындығына мониторинг жүргізді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



