| 31.10.2022 |
|
ҚР ОСК жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын
қамтамасыз ету жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 31 қазанында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ҚР ОСК жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобының отырысында 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету, «Қолжетімді орта» «Интерактивті қолжетімділік картасы» порталында сайлау учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар болып табылатын сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан қосымша шаралар мәселелері қаралды.
2017 жылдан бастап Ортсайлауком жанынан мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Жұмыс тобы жұмыс істейді. Биыл мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі беделді республикалық және өңірлік бірлестіктер өкілдері есебінен Жұмыс тобының құрамы жаңартылды және жұмыс форматы жетілдірілді. Жұмыс тобының 19 мүшесінің 17-сі 11 облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері болып табылады. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз етудің жаңа қолдау тәсілдері – сурдоаударма, арнайы трафареттер, тегін инватакси, үйде дауыс беру, пандустар, тактильді көрсеткіштер және т. б. кіреді.
2021 жылдан бастап Ортсайлауком отырыстарының трансляциясы және ақпараттық бейнематериалдар сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Орталық сайлау комиссиясының сайтында «Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары» бөлімі жүргізіледі. Онда мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпараттық материалдар: Брайль шрифтінің элементтері бар аудио, бейнероликтер, ақпараттық материалдар орналастырылады. Жұмыс тобының мүшелерін тарта отырып, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сайлауды ұйымдастырушылар үшін семинарлар өткізіледі. Зағип және нашар көретін сайлаушылар үшін Брайль шрифтін пайдаланып сайлау бюллетенін толтыру үшін трафарет дайындау көзделген. Жұмыс тобының мүшелері мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған жадынама жобасын дайындады.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов «Қолжетімді орта» «Интерактивті қолжетімділік картасы» порталында сайлау учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру бойынша Министрліктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады.
Отырыс шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету, сайлау учаскелері мен дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау жөніндегі шаралар туралы баяндады.
Отырыс қорытындылары бойынша Жұмыс тобының мүшелері мәселелерді талқылаудың сындарлы барысын және Орталық сайлау комиссиясының мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі белсенді қызметін атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




