| 02.10.2022 |
|
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Польша азаматшасы Балли Мажец Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде сайлауға түсу ниетін білдіріп, бірнеше рет жүгінуде.
Осыған байланысты Польша азаматшасына Республика Президенттігіне кандидатқа Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптар бөлігі бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына түсініктеме берілді.
Орталық сайлау комиссиясы Республика Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алатынын хабарлайды.
Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес, Президент болып сайлану үшiн мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға, сондай-ақ белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс екенін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
