| 26.09.2022 |
|
Қол қою парақтарын дайындау, беру мерзімдері, сондай-ақ мүгедек
азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету туралы
2022 жылғы 26 қыркүйекте Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа саяси партиялардың, мүгедек жандардың сайлау құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚР ОСК жанындағы мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында мүгедек азаматтардың дауыс беруін қамтамасыз ету туралы Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.
«Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында да мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нормалар бар екенін хабарлады. Ортсайлаукомның 2018 жылғы қаулысы мүгедек жандардың сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі ұсынымдарды бекітті. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы отырыстары трансляциясы мен ақпараттық бейнематериалдары сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Орталық сайлау комиссиясының сайтында «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары» бөлімі жұмыс жасайды.
2017 жылдан бастап БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын іске асыру мақсатында Ортсайлауком жанында мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Жұмыс тобы жұмыс істейді. Жұмыс тобының 19 мүшесінің 17 - сі мүгедек жандардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері болып табылады, олар 11 облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілдері.
Баяндама аясында сайлау науқаны кезінде мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Мәселен, жергілікті атқарушы органдарға:
- мүгедек жандарға дауыс беруге арналған учаскелердің қолжетімділігін тексеруді жүргізсін;
- дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедек жандардың (соқыр және нашар көретін, саңырау, саңырау соқыр, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) саны туралы мәліметтер дайындау, және азаматтарды тіркеу орны бойынша дауыс берудің нақты учаскесінде олар үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелерін қосымша пысықтау;
- дауыс беру учаскелерінде Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беруге арналған пункті жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мүгедек жандарға арналған бұрыштарды жарақтандыруды қамтамасыз етсін;
- тұтқалардың, пандустардың, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылардың болуын қарастыру (уақытша рұқсат етіледі);
- мүгедек жандарға дауыс беруге арналған үй-жайларды барынша қолжетімділікпен қамтамасыз етуге (үй-жайлар бірінші қабаттарда орналасуы қажет немесе басқа қабаттарға бару үшін көтергіш тетіктері болуы тиіс).
Дауыс беруге арналған үй-жайларда дауыс беруге арналған:
- әртүрлі тактильді көрсеткіштер (мүмкіндігінше);
-тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабина;
- мүгедек жандарға арналған арнайы жабдықталған орын (бұрыш):
1) мониторы бар компьютер онда мүгедек жандарға бейімделген форматта жүргізілетін науқан туралы ақпарат болуға тиіс;
2) құлаққаптар;
3) қосымша жарықтандыру, лупалар.
А.Щегорцованың баяндамасының қорытындысы бойынша «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында мүгедек жандардың дауыс беруін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ОСК қаулысы қабылданды.
2. Ортсайлауком мүшесі Асылбек Смағұлов қол қою парақтарын дайындау, беру мерзімдері, сондай-ақ сайлаушылардың қолдарын жалған деп тану туралы сөз сөйледі.
Ол «ҚР сайлау туралы» Заңына сәйкес Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Конституциямен және «ҚР сайлау туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруден кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей ҚР ОСК беретін қол қою парақтарымен ресімделетінін хабарлады.
Президенттiкке кандидатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауға тиiс. Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республика сайлаушыларының жалпы саны 11 млн. 827 мың 277 адамды құрайды. Осылайша, Президенттікке үміткерді кемінде 118 мың 273 сайлаушы қолдауы керек.
«ҚР сайлау туралы» Заңына және ОСК қаулысына сәйкес қол қою парағының үлгісі бекітілді. Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болады және сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған 20 жолдан түрады.
Сенім білдірілген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс, қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, саяси мемлекеттік қызметші лауазымындағы адам болмауға тиіс. Сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға тиісті куәліктер береді. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс. Қол жинауды жүргізетін адам қол қою парағына міндетті түрде өзінің қолын қояды.
Президенттікке кандидатты қолдауға қол жинау жөніндегі толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол 10 күн мерзімде паспорт қызметті қызметкерлерін тарта отырып, қойылған қолдардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады, Президенттікке кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижелері туралы тиісті хаттаманы ресімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
Ортсайлауком отырысында қабылданған қаулыда қол қою парақтарын беру және Президенттікке кандидатты қолдауға қойылған қолдардың растығын тексеру мерзімдерін қысқарту көзделген. Бұл шара Президенттікке кандидатты қолдауға қол жинау үшін сайлау процесіне қатысушылардың уақытын ұлғайту мақсатында қол қою парақтарын беруді ұйымдастыру және қолдардың растығын тексеру рәсімдері бойынша мерзімдерді қысқарту үшін ұсынылды.
Мәселен, ҚР ОСК қаулысына сәйкес Президенттікке кандидатты қолдауға қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары оның Конституция мен Конституциялық заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде беріледі. Аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидатты қолдайтын қолдардың растығын тексеру мерзімі де күнтізбелік 10 күннен 5 күнге дейін қысқартылды.
Сайлаушылардың қою парақтарында қойған қолдары келесі себептермен жалған болып танылады:
1) қол қою парағына сай сайлаушының деректері толық болмаған;
2) қарындашпен қойылған;
3) түзету немесе өзге де бұрмалау іздері бар;
4) сайлаушы атынан басқа адамдар қойған;
5) нақты кандидат үшін қол қою парақтарында бір адам бір реттен артық қойған;
6) бір адам бірнеше адам үшін қойған;
7) қайтыс болған адамдар үшін қойған;
8) белсенді сайлау құқығы жоқ адам қойған;
9) өзі қойған қолын кері қайтарып алушы сайлаушының жазбаша өтініші болған кезде сайлаушылардың қолдарын жалған деп тану ұсынылсын.
Аумақтық сайлау комиссиясы, егер қол заңнама талаптарын бұза отырып алынғаны анықталатын өзге жағдайларда да сайлаушының қолын жалған деп тануы мүмкін.
Н. Әбдіров отырыс соңында «Президенттікке кандидаттарға қол қою парақтарын беру мерзімдерін қысқартуға келетін болсақ, біз сайлау заңнамасының негізінде Президенттікке кандидаттарға қол қою парақтарын беру мерзімін екі еседен астамға - бес күннен екі күнге дейін қысқартқанымызды тағы да атап өткім келеді. Бұдан басқа, аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидатты қолдауға қойылған қолдардың растығын тексеру мерзімі оннан бес күнге дейін қысқартылды. Біздің тарапымыздан кандидаттарға сайлау рәсімдеріне бөлінген мерзімдерді қысқарту арқылы қол жинауға көбірек уақыт беріледі. Осыған байланысты сайлау комиссиялары белгіленген мерзімдерді қатаң басшылыққа алуы қажет», - деп атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өтті, онда ҚР ОСК мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы







