| 23.09.2022 |
|
«Жастар және сайлау»
жас сайлаушылар клубының алғашқы отырысының
баспасөз-релизі
2022 жылғы 23 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясында «Жастар және сайлау» тақырыбында Жас сайлаушылар клубының бірінші отырысы өтті.
Жас сайлаушылар клубы ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің бастамасымен Ортсайлауком жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Клубтың негізгі мақсаты – жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру.
Отырысты ашқан сөзінде Нұрлан Әбдіров жастармен жұмыс - Ортсайлауком қызметінің жаңа бағыты екенін атап өтті.
«Сайлау – бұл өте маңызды құқықтық және қоғамдық-саяси процесс. Конституцияда халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады делінген. Сондықтан сайлаушылардың, әсіресе жастардың сайлау мәдениетін дамыту, құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру өте маңызды және қажет. Себебі жастар – біздің болашағымыз, жаңа Қазақстан дегеніміз бұл – сіздер», - деп атап өтті ҚР ОСК Төрағасы.
Сайлау процесінің түрлі бағыттары бойынша белсенді және қызу пікірталас өтті, жас сайлаушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды. Қатысушылар жастардың құқықтық сауаттылығын және сайлау белсенділігін арттырудың, оның сайлау процесіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Жастар белсендісі Сүлейменов Олжас Серікбайұлы сайлауға және республикалық референдумға қатысудағы жеке тәжірибесімен бөлісті.
Данилова Елена Сергеевна «Сайлау мәдениеті мен халықтың белсенділігін нығайту» жобасы туралы айтып берді.
Динара Тайбасарқызы Садуакасова жастардың электоралдық белсенділігін зерттеудің жеке нәтижелері туралы айтып берді.
Одан әрі сайлау процесінің әртүрлі бағыттары бойынша белсенді пікірталас өтті, жас сайлаушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Отырысты қорытындылай келе, Нұрлан Әбдіров Клуб қатысушыларын сайлау мәдениеті мен жас сайлаушылардың белсенділігін арттыру мақсатында одан әрі ынтымақтастық пен диалогқа шақырды.
«Біз үшін сайлау процесінің кең ауқымды мәселелері бойынша Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз өте маңызды. Біз осындай ашық және сындарлы форматта жұмыс істеуге ниеттіміз.
Сіздер біздің болашақ зиялы қауымдарсыз және Клубтағы қарым - қатынас тәжірибелеріңіз Сіздерге Парламент, мәслихат депутаттары, әкімдер немесе Орталық сайлау комиссиясының мүшелері болуға көмектесе алатын болса, мен қуанар едім», - деп атап өтті ҚР ОСК Төрағасы.
Клуб отырысына республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының басшылары мен белсенділері, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, жастар ісі жөніндегі комитеттердің қызметкерлері, Астана қ. ЖОО студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




