| 22.09.2022 |
|
Ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Ортсайлауком Төрағасы
Нұрлан Әбдіров ҚР ОСК жанындағы Мүгедек адамдардың
сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының
мүшесі Құралай Байменовамен кездесті.
2022 жылғы 22 қыркүйекте Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР ОСК жанындағы Мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Ақтөбе қаласындағы сал ауруына шалдыққан азаматтар одағының төрайымы, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменовамен кездесті.
Нұрлан Әбдіров Ортсайлауком қызметінің маңызды бағыттарының бірі мүгедек адамдардың белсенді және бәсең сайлау құқығын іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Осыған орай, ҚР ОСК төрағасының өңірлердегі жұртшылықпен кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, аталған Жұмыс тобының жұмыс форматы жаңғыртылды және оның құрамы жаңартылды. Орталық сайлау комиссиясы жанындағы осы консультативтік-кеңесші органның жұмысы жүйелі негізде жүргізіледі.
Ол сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық сайлау комиссияларына 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында азаматтардың осы санатына дауыс беру үшін жағдай жасау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау туралы тиісті тапсырмалар берілетінін атап өтті.
Құралай Байменова өз тарапынан сайлау учаскелерінің нақты қолжетімділігінің және мүгедектігі бар азаматтар тап болатын дауыс беру жағдайларының өзекті мәселелерін атап өтіп, оларды жою бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
Кездесу қорытындысы бойынша осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыру келісілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
