| 23.08.2022 |
|
Ақпараттық хабарлама
2022 жылғы 24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді.
Сенат депутаттарын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11.00-де (елорда уақытымен) басталады.
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де (елорда уақытымен) басталады.
Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр.
Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаттары енгізілген.
Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында төмендегі сілтемелер бойынша онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады:
Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-арнасында жарияланып отырады - https://t.me/electionelection.- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
