| 16.06.2022 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» сайлау ұйымдастырушыларына арналған оқыту курсы
13-15 маусым аралығында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының 60 басшысы үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» оқыту курсы өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралды оқыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Оқытудың негізгі мақсаты - сайлау заңнамасы туралы теориялық және қолданбалы білімді және оны сайлау процесінде қолдану тәжірибесін кеңейту есебінен сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру.
Оқудың бірінші күні (13 маусым) тыңдаушылар алдында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М. Әбдіров, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессорлары дәрістер оқыды. Күннің соңында қатысушылар басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту бойынша тренингтен өтті.
Екінші күні (14 маусым) Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен қызметкерлері тыңдаушыларды Қазақстандағы сайлау науқандарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілері, сайлау ұйымдастырушыларын оқыту жүйесі, сайлау науқандарын қаржыландыру, сайлау процесінің өзге қатысушыларымен: бұқаралық ақпарат құралдарымен, байқаушылармен, саяси партиялармен және т. б. өзара іс-қимылдың қағидаттары мен стандарттары туралы хабардар етті.
Курстың соңғы күні, (15 маусым), сайлауды ұйымдастырушылардың «жұмсақ» дағдыларын жетілдіруге арналды және сайлау тәжірибесінен алынған жағдайлар бойынша практикалық кейстерді талдау, жанжал-менеджмент және тиімді коммуникациялар бойынша тренингтік сабақтар форматында өтті. Күннің соңында әр қатысушыға курстан өткені туралы сертификат берілді.
Жалпы, сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту курсының бағдарламасы үш блоктан құрылды:
1. pre-module, қатысушылар офлайн оқыту басталғанға дейін қашықтықтан оқу форматында меңгерді.
2. offline module, қатысушылар 13-15 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығының базасында өтті. Оқытуда дәстүрлі формалар (қонақ дәрістері, топтардағы жұмыс, ми шабуылы), сондай-ақ белсенді оқытудың заманауи құралдары (кейс-стади, мінез-құлықтық модельдеу, рөлдік ойындар және т.б.) қолданылды.
3. post-module – offline module қорытындысы бойынша қатысушылар 2 апта бойы сайлау құқығы мен процестің өзекті мәселелері бойынша тренингтен кейінгі сүйемелдеу алады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





