| 02.06.2022 |
|
Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасары Ислам ынтымақтастығы ұйымы байқаушылар делегациясының Басшысымен кездесті
2022 жылғы 2 маусымда Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров Ислам ынтымақтастық үйымының (ИЫҰ) байқаушылар делегациясының Басшысы Фейсал Мұхаммед әл-Шарабимен кездесті.
Кездесуге ОРК мүшесі Сәбила Мұстафина, ИЫҰ Хатшылығының сайлау бөлімінің бастығы Шакир Махмуд Бандар, сондай-ақ ИЫҰ хатшылығының қызметкерлері Аль-Хадж Идрис Аннур мен Мохаммед Элиас қатысты.
Константин Петров Нұр-Сұлтан қаласына келген ИЫҰ байқаушылар делегациясының Басшысы мен мүшелеріне ілтипат білдіріп, референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.
Өз кезегінде делегация басшысы Фейсал Мохаммед әл-Шараби мырза қазақстандық тарапқа қабылдау үшін алғысын білдіріп, Миссия мүшелерін таныстырды, сондай-ақ делегация ҚР Орталық референдум комиссиясына референдумды байқау қорытындылары бойынша есеп жіберетінін атап өтті.
ИЫҰ-дан байқаушылар делегациясының құрамына Сауд Арабиясы, Ирак, Чад және Бангладеш Халық Республикаларының атынан өкілдік ететін 4 байқаушы кірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


